Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Зерттеуші бүлдіршіндер

Зерттеуші бүлдіршіндер




Бала – біздің бола­шағымыз. Бала тәрбиесі қай заманның, қай қо­ғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсіргені күмән туғызбайды. Шығыстың ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» – десе, Елбасымыз Н.Назарбаев өз Жолдауында: «Қазіргі заманда кез келген мемлекеттің тыныс- тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты – адамдардың өздері, олардың ерік-жігері, қажыры, білімі болып табылады. Ата-аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын ХХІ ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет» –деген болатын. Сондықтан, оларды балабақшадан бастап тәрбиелеу, санасына сәуле сыйлау тәрбиешілердің басты міндеті. Осы мақсатта, «Думан» балабақшасында 3-4 жас аралығындағы «Ару» тобының бүлдіршіндерімен «Си­қырлы су» тақырыбында іс-шара өтті. Онда кішкентай балапандардың күнделікті ішіп жүрген судың қандай қасиетті екенін түсіндіру мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырылды. Әп-сәтте балалардың қызығушылығы оянып, суға түрлі-түсті бояу, тәтті салып, судың түссіз әрі дәмі болмайтындығына куә болды. Сондай-ақ, су тіршілік көзі екенін түсіндіріп, оны үнемдеп, ластамауға шақырған шарада балалар алғырлық танытты.

Айнұр Избастиева,
«Думан» балабақшасының
тәрбиешісі.
27 қараша 2017 ж. 1 929 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031