Өнерлі өрге жүзер
«Бала тілі – бал», «Өнерлі бала өрге жүзер», «Адам болатын бала алысқа қарайды»... Айта берсек, бала туралы мақал-мәтелдер көптің қасы. Ата-бабамыз бұндай сөздерді бекер айтпағандығын да байқап жатамыз. Бала дарынды, өнерлі, талантты және жан-жақты болса, оған да таңқалмасқа болмас. Тұла бойы өнерге тұнған Айзере Серікбай КМҚК «Раушан» бөбекжайы, «Қарлығаш» тобының бетке ұстар тәрбиеленушісі. Өзі 4 жаста, әнді де айтады, би билейді, мәнерлеп өлең оқиды. Айзеренің зерек болып өсуіне әжесі Әлігүл мен анасы Айтолқынның ұдайы берген тәрбиесі мол. Себебі, әжесі Әлігүл апа балабақшада тәрбиеші, меңгеруші болып қызмет жасаған жан. Баланың бойындағы дарын, қабілетті дер кезінде аңғарып, оны шыңға жетелейтін асыл қасиетін ескермеу мүмкін емес. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, отбасындағы тәлім-тәрбиенің жемісін кішкентай Айзеренің бойынан байқауға болады. Топқа түссе көш бастап, жүлделі орындардан көрінетін өнерлі балақай жуырда балабақшалар арасындағы отбасылық сайыста жанұясымен ІІ орынды иеленіп, абыройымызды тағы бір асқақтатты. Бөбекжай меңгерушісі Ж.Ержанова: «Айзере болашағынан көп үміт күттіретін бүлдіршін» – деп мақтана айтып отырады. Балабақшадан өнерлі ұрпақ өсіп шықса, ол біздің де мақтанышымыз.
Бақыт Шілдебаева,
Айгүл Оразбекова,
«Раушан» бөбекжайы КМҚК тәрбиешілері.
Бақыт Шілдебаева,
Айгүл Оразбекова,
«Раушан» бөбекжайы КМҚК тәрбиешілері.