Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛА БИ ЖАЙЛЫ АҢЫЗ

БАЛА БИ ЖАЙЛЫ АҢЫЗ

Көне заман көз алдыңнан бір өтер,
Рухыменен талантыңды өрлетер.
Тарихта да орын алған ерекше,
Бастамадым бұл жырымды мен бекер.
Ауылымызға болған екен тоқсан жыл,
Біздер үшін күндердің ұлысы бұл.
Бала би боп аталуы ауылдың,
Ел аузында көп айтылған аңыз тұр.
Бала кезден сөзге шешен болыпты,
Болашағын жəне елдің жорыпты.
Ерекше қасиетін ел бағалап,
Бала би деп атын оның қойыпты.
Ілініпті көзіне көптің бала,
Қатарынан саналы,бопты дара.
Шəкірт етіп бір ғалым алған екен,
Жас баланың бағы жанды,міне,жаңа.
Кедей,жетім болса да бағы жанып,
Ұстазының əр сөзімен сусынданып.
Ойламаған бір жерден шешен болып,
Атағы да алты алашқа таралып.
...Күндердің бір күнінде хабар жетті,
Ұстазы Бала биді шақырт депті.
Хал үстінде шəкіртіне өсиет айтып,
Ұстазы о дүниелік болып кетті.
Сонда ол өсиетінде былай депті:
«Айналайын,шəкіртім,тыңда сөзді,
Ұстазың да бұл сынға жастай төзді.
Енді қалған еліме қамқор болып,
Биі болғын өзің айтып əділ сөзді».
Өсиеті ұстазының орындалды,
Ел сайлады шəкіртін би ретінде.
Бала би əділдігін жүргізе алды,
Мәңгілік қалды ол да ел есінде.
...Бала би бақи болды жасы жетіп,
Əділетін ел-жұртына көрсетіп.
Содан кейін пір тұтып біздің халық,
Атаған ауылымызды «Бала би» етіп.
Орнатыпты басына үлкен күмбез,
Қосыпты асыл тастар түрлі түстес.
Əр жыл сайын осылай еске алсақ,
Бабамыз жадымыздан ешбір өшпес.

Ақмарал Сәруар,
№50 Абай атындағы орта мектебінің оқушысы,
«Дарын» көркемсөз оқу
үйірмесінің төрайымы,
Шиелі-Жас ақындар
ұйымының мүшесі.
04 сәуір 2018 ж. 4 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930