Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Байлығымыз бала денсаулығы

Байлығымыз бала денсаулығы



Бала денсаулығы баға жетпес қазынамыз. Осы балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда жаңа тәсілдерге бағыт берген семинар болып өтті. Семинарға аудан балабақшаларының тәлімгерлері мен медбикелері қатысып, «Денсаулықты нығайту технологиясын қолдана отырып балаларды салауатты өмір салтына баулу» тақырыбында тәжірибе алмасты. Семинардың ашылу салтанаты «Ақбота» бөбекжайының аға тәрбиешісі А.Жәрімбеттің аталған тақырыптағы презентациясымен бастау алды. Денсаулық саласындағы семинар болғандықтан, практикалық бөлімде әр топтың балаларымен тыныс алу, нүктелі массаж, саусақтарға арналған гимнастика және сергіту жаттығулары жасалды. Шара қорытындысы бойынша, балабақшадағы сауықтыру шараларының жиынтық іс-тәжірибесі төңірегінде қорытынды сөзімен семинардың нүктесін «Бекарыс» балабақша-яслиінің тәрбиешісі С.Рүстемова қойды.

«Өскен өңір» ақпарат.
04 мамыр 2018 ж. 2 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

№54 (9421)

21 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031