Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балдай тәтті балдәурен

Балдай тәтті балдәурен


Өткен аптада халықаралық бала­лар­­ды қорғау күніне орай «Жөлек» бөбекжайы ұжымының ұйымдас­тыруымен «Балдай тәтті балдәурен» мерекелік іс-шарасы өтуде. Мереке шымылдығын бүлдіршіндер үш тілде құттықтау тілегімен ашты. Оқу жылы қорытындысы бойынша бөбекжай меңгерушісі Г.Жолдыбайқызы үздік тәрбиешілерді марапаттады.
Ауыл әкімшілігі, мәдениет үйі ұжымы мен ата-аналар қатысып отырған іс-шара концерттік бағдар­ламамен жалғасты. Ауылдың кәсіпкер азаматтары да балдырғандарға тосын сый жасады. Б.Абызбаев 5 қабатты торт әкеліп таңқалдырса, А.Смайылов, М.Қалдыбаева балаларды балмұздақ, түрлі тәттілермен қуантты. Бөбекжай тәрбиеленушілері «Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде орындаумен аяқтады. «Жөлек бөбекжайы» Шиелі аудандық білім бөлімі жанынан құрылған №2 әдістемелік аймақтың ұйымдастыруымен өткен «Әке – ер, ана – жігер, отбасында екі кемеңгер – 2018» сайысына қатысып екінші орынды иеленсе, «Мен және менің тәрбиешім» атты сайысқа музыка жетекшісі Н.Уәлиханқызы қатысып бас жүлдеге ие болды. Іс-шара барысында ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, бүлдіршіндер керемет көңіл-күймен тарқасты.

Айнұр Рыспембетова,
«Жөлек» бөбекжайы.
06 маусым 2018 ж. 2 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930