Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңғыру балабақшадан басталады

Жаңғыру балабақшадан басталады


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Жадыра» бөбекжайында «Биік сенің мәртебең – ана тілім» тақырыбында байқау өтті. Екі бөлімнен тұратын сайыстың бірінші кезеңінде бүлдіршіндер патриоттық ән шырқаса, екінші бөлімінде тәрбиешілер туған жер, ана тіліміз туралы қара өлең оқудан сынға түсті.
Рухани жаңғыруға бағытталған бай­қауға бөбекжай меңгерушісі Ж.Нұртаева, әдіскер А.Бейсекеева және музыка жетекшісі Э.Сыздықова қазылық етті. Сайыстың қорытындысы бойынша әнші балапандар түрлі номинациялармен марапатталса, келесі кезең бойынша тәрбиеші Г.Қапбарова І орынды иеленді. Сондай-ақ, ІІ орынды П.Арыстанбекова, ІІІ орынды А.Амангелдиева қанжығалады.

Г.Әбдіханиқызы.
21 желтоқсан 2017 ж. 3 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031