Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық үшін күрес – әр адамның борышы

Денсаулық үшін күрес – әр адамның борышы


«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз.

Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта мектептерге жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.
Қоғамда салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасының кезекті Жолдауларының бірінде де салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады.
Бірақ осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді. Десе де әр адам, оның ішінде жас буын нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу секілді денсаулыққа жағымсыз әрекеттерден аулақ болуы қажет. Әсіресе, мектеп жасындағы жасөспірімдер еліктегіш келеді. Соның әсерінен ерте жастан шылымға әуес болып, қорқор тартудан қаймықпайды. Мұның бәрі олардың болашағына, дені сау ұрпақ дүниеге әкелуіне үлкен зардабын тигізуі мүмкін. Денсаулық үшін күрес – әрбір адамның міндеті. Әлі оң-солын толық ажырата қоймаған мектептегі жас буынға сол міндетті насихаттау – біздің, педогогтардың парызы. Сонымен қатар баланың толыққанды салауатты өмір салтын ұстанып, дені сау азамат болып қалыптасуына үйдегі ата-ананың да ықпалы зор екенін естен шығармау қажет.

Амангелді Шайзадаев,
№219 мектептің дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі.
25 мамыр 2019 ж. 3 941 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930