Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы

Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы



Дені сау, салауатты ұрпақ – егеменді еліміздің ертеңі. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Рес­публика Президенті Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» бағдарламасында,Қазақстан халқына жолдауында: «Егеменді еліміздің болашағы мықты болып, шынығып өскені абзал» деген. Оның негізі осы кезден қаланатын болса, өмірге «өскелең ұрпақ келер еді» деп атап өтті. Осы бағытта КМҚК «Ақбота» бөбекжайында аудандық ІV Әдістемелік аймақтық топтың жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Денсаулықты нығайту технологиясын қолдана отырып балаларды салауатты өмір салтына баулу» тақырыбында семинар болды.
Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру, салауатты өмір салтын сақтайтын тұлғаны қалыптастыру, бүгінгі бала-бақшалардың басты мақсаттарының бірі.
Сол мақсатты жүзеге асыру жолында балалардың денесін дұрыс ұстау, жеке бас гигиенасын сақтау дағдысы мен денсаулық сақтау негіздерін қалыптастыруға жұмыс жасаймыз. Сондай-ақ, белсенді қимыл-қозғалыс, өз еріктерімен гигиеналық шараларды орындау дағдыларын бекіту. Осыған орай, аталмыш шараны «Ақбота» бөбекжай басшысы Айгүл Нәбишева ашып, бөбекжайды таныстырып өтті. Аға тәрбиеші Алтын Жәрімбет «Денсаулықты нығайту технологиясын қолдана отырып балаларды салауатты өмір салтына баулу» тақырыбында баяндама жасаса, «Аққу», «Балапан», «Қарлығаш», «Ботақан» ерте жас топ тәрбиешілері денсаулық сақтау технологиясын қолдана оты­­рып іс-тәжірибе көрсетті. Музыка жетекшісі балалармен «Біз салауатты өмір салтын сүйеміз» спорттық музыкалық бағдарлама көрсетті. Шара соңында Салтанат Рустемова «Балабақшадағы сауықтыру шараларының жиынтығы» іс-тәжірибе жинағын ұсынып, семинарды қорытындылады.

Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.
30 мамыр 2018 ж. 7 867 0