Қажет акция
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ, осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін аса көп сезіне бермейтін жандар да кездеседі. Бұл дәрігерлердің әңгімесінен кейін келген ой.
Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Елбасының “Қазақстан –2030” бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты ” тармағында,“…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” әрбір тұрғынды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сол себепті де, бүгінгі таңда өз Тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Тақырыпқа ойыссақ, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Гигант» ауылдық округінің ұйымдастыруымен ауылдық дәрігерлік амбулаториясында кең көлемдегі «Денсаулық жолы-2018» акциясы өтті. Арнайы жасақталған мамандар тобының қатарында ауылдарда табыла бермейтін дәрігерлер де бар. Алыстағы ағайынға медициналық көмек аса қажет. Мұны осы істің басы қасында жүрген жауаптылар жақсы біледі.
Акцияның мақсаты – әрбір азаматтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу» қағидасын ұстануға көпшілік назарын аудару сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мәселелері бойынша, ауыл халқының ақпараттануын жоғарылату және қауіп-қатер деректерін төмендету еді.
Шараның алғысөзін алған Бидайкөл ауылы әкімі аппаратының бас маманы Х.Қойшыбаев акцияның маңызына тоқталып, ауыл тұрғындарын белсенді атсалысуға шақырды. Әрі қарай адамның ең бірінші байлығы жөнінде әңгіме өрбіткен «Бидайкөл» ауылдық амбулаториясының меңгерушісі С.Мыханова акция барысында бидайкөлдіктерге қандай мамандардан тегін көмек пен ақыл-кеңес алуға болатындығын жеткізді. Мұнан соң нақ осы мекеменің аға аяжаны Г.Досжанова да тақырып аясында өз ойын ортаға салып, ақпараттық-танымдық материалдар таратты. Облыс орталығынан келген кардиолог, офтальмолог, эндокринолог, психиатор, хирург, онколог, педиатор мамандар және аудандық емхананың психолог маманы И.Шалбаева өз салалалары бойынша алдына келген әрбір жанның сауалына жауап беріп, ауыл тұрғындарын тексеруден өткізіп, кеңестерімен бөлісті.
Әбіл АСАН.