Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың жаршысы

Дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың жаршысы

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың халқымызға арнаған Жолдауында атап көрсеткендей, халық денсаулығы – баға жетпес байлық, мемлекеттің қымбат қазынасы. Салауатты өмір сүру дегеніміз, ол – әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу.

«Тазалық – денсаулық негізі, саулық – байлық негізі» деп халық мақалында айтқандай, Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында қоғамымызды құруымызға қарай Қазақстан азаматтары­ның дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салуға үлкен мән беріп отыр. Өйткені, қазіргі уақытта денсаулықты күтпеу салдарынан науқас адамдардың саны жылдан-жылға өсіп отырғаны көпшілікке аян. Олай болса, денсаулық үшін күрес әрбір адамның міндеті.
Денсаулық адам бақытының бірінші байлығы. Әрбір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін түрлі әдістерді қолдануды, жақсы көңіл-күйді қалыптастыру, күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі, белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық – салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ. Салауатты өмір салтын сақтайтын уақыт жеткенін ойланайық, ағайын!


Индира Шалбаева,
аудандық емхана психологі.
23 ақпан 2019 ж. 6 407 0