Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулыққа арналған күн

Денсаулыққа арналған күн


Әдетте, сенбі күні демалатын аудандық емхана қызметкерлері бұл күні ертемен жұмыс орнында отыруға тиіс болды. Өйткен қызметтерінен босай бермейтін мемлекеттік қызметшілер медициналық тексеруден өтулері керек болатын.
Қазақтан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндамасына сәйкес аймақтарда мемлекеттік қызметшілерге арналған денсаулық сақтау қызметтерін жақсарту көзделген.
Осыған орай, бір жұма алдын аудандық емханада акция ұйымдастырылды. Мақсаты – денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, ауруларды анықтауға және таралуының алдын алуға, денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған уақытылы медициналық тексеру болатын. Тексеру барысында әрбір дәрігер барлық мемлекеттік қызметкерлерді жеке сұрақтары бойынша қабылдап, кеңес берді. Құнарлы тамақтану денсаулық кепілі болатындығын, дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кенейту, тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау, денсаулық адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық, денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын екендігі түсіндірілді.Медициналық тексеру барысында қан қысымы, бойы мен салмағы, көздің ішкі қысымы өлшеніп, флюорография және электрокардиограммадан өткізілді. Нәтижесінде, бұл шараға аудан бойынша барлық мемлекеттік қызметшілердің 79 атсалысты.
Әбіл АСАН.
22 қыркүйек 2018 ж. 1 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30