Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

 Есірткісіз өмір ғажайып. Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ байқауына Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға
         Таң күлімдеп атты. Айнала сары түске боялған. Күз келіп, жапырағынан айырылған ағаштың бейнесі қарт ананың қолындай тарам-тарам. Көше бойында үстіне спорттық киімін киіп, жүгіріп бара жатқан балалар. Оларға қарап салауатты өмір салтын ұстануға бекіндім. Таңғы жаттығу, таза ауада серуендеп, кітап оқу сынды жаңа хоббилар осылай пайда бола бастады. Мектепте үздік болуға тырысып, сабақтан себепсіз қалмаймын. Осындай күндердің бірінде ұстазымыз «Есірткі – болашағыңа балта шабады» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. «Есірткінің ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін тартқаннан кейін әуес болып қалады. Оның қай түрін пайдаланса да, ол адамның ғұмыры ұзаққа бармайды. Яғни, өзінің өміріне балта шабады. Нашақорлық – жазылмайтын дерттің бірі. Себебі, есірткіге, темекіге деген тәуелділік адамды одан шығуға мүмкіндік бермейді» деп бізге барынша түсіндіріп жатты. Сонда, сыныптағы Айдос: «Ұстаз, есірткіге тәуелді адам жақындарына зиян келтіреді ме?» - деп сұрады.
         – Иә, Айдос. Есіркіге құмартқан адамның көңілі де, көзі де көрмей қалады. Туған-туыс, ата-анасынан алшақтап, достарының арасындағы сыйластықтан да айырылады. Бұл күндері елімізде нашақорлықтың салдарынан жас ғұмырын тас түнекке айналдырып жүргендер қаншама?! Осы күнге дейін сан қайтара зиянын айтқанымызбен құйма құлақ болып, одан аулақ жүруге тырыспайтындар да бар. Қазіргі кезде көзге көрінбей қоғамға бірте-бірте еніп, ішінен бүлдіріп жатқан аурудың бірі – ол жас буынның есірткінің құрбаны болуы. Біреулер бұған ерігіп барса, енді біреулер мәжбүрліктен барады. Мәжбүрліктен баратындар – олар есірткі тасымалдаушылар. Әдетте соңғылары жиі ұсталып, жазаларын алып жатады. Ал осының түпкі тамырын анықтап, жою құзырлы органдармен бірге, әр адамның азаматтық борышы деп білуіміз керек, – деп барлығын қарапайым тілмен жеткізген ұстазымның сөзінен соң Айдос та басын шұлғып, орнына жайғасты.
         Осы сабақтан соң бұл өмірдің, яғни есірткісіз өмірдің сондай ғажап екенін ұққандай болдық. Ата-анамыз әр сабақтан алған «бестік» бағамыз үшін мақтап, достарымыз жанымызда жүрсе бұл бүгінгі күніміздің кереметі екен. Ал болашақтың аспаны ашық, жұлдызы жарық болуы үшін әр қадамымызды анық әрі байқап басуымыз керек екенін білдік. Бұл біздің тәуелсіз Қазақстан елінің жарқын болашағына апарар жол. Әрбір адам өзінің болашағын өзі жасайды. Сондықтан достар, есірткі сынды зиянды заттан аулақ жүрейік. Нашақорлармен күресейік!
Тоғжан Ахметжанова,
№47 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы
09 қараша 2020 ж. 1 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031