Есірткісіз өмір –жарқын болашақ бастауы
Бүгінгі таңда елімізде заңсыз есірткі өсіруге қолайлы өңірлердің бірі – Қызылорда облысының аумағы болып табылады. Аталған өңірде өсірілетін марихуана сапасы Жамбыл облысының Шу алқабында өсірілетін кендір шөптің сапасымен салыстырғанда жоғары бағалануда.
Мәселен, Еуропаның Нидерланды елінде марихуананы шегу, «пайдалану» мемлекет тарапынан заңдастырылып, халық жиналатын кафе-барлардың ас мәзірінде беріледі екен. Сол мәзірге көз жүгіртсеңіз «Кызылординка» атауымен белгілі есірткі түрін байқауға болады. Аталған есірткі түрі сапасы жоғары болғандықтан Еуропа тұрғындары тарапынан ерекше сұранымға ие екендігі белгілі болды. Алайда, қазіргі уақытта жат-пиғылдылардың заңсыз әрекетіне қарсы тұратын құзырлы органдар бар. Солардың бірі ҚР ҰҚК ШҚ болып табылады. Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ негізгі міндеттерінің бірі елдің аумағына есірткі заттарын енгізбеу екендігі белгілі. Ағымдағы жылдың маусым-қазан айлары аралығында ҚР нашақорлықпен есірткі бизнесіне қарсы бағытталған «Көкнар-2018» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Аталған іс-шаралар кешені есірткінің заңсыз айналымына, оны дайындауға, жинауға және тасымалдауға тосқауыл қою, құрамында есірткісі бар өсімдіктердің, есірткі заттары контрабандасының жолын кесу мақсатында жүргізіледі. Көрсетілген іс-шараға Қазақстандық шекарашылар да белсенділікпен қатысып, заңсыз әрекеттің алдын алады деп күтілуде. Мәселен, өткен жылы алдын ала келіп түскен ақпарат бойынша 2017 ж. 1 тамызы ҚРҰҚК ШҚ 2019 әскери бөліміне қарасты «Қосмаман» шекара заставасының шекарашылары Қызылорда облысы, Шиелі ауданына 80 шақырым жерде кендір шөптің үлкен алқабы табылды. Нәтижесінде табылған аумақтан 2305 түп марихуана жиналды. Жоба аясында 3 адам ұсталып, қамауға алынды. Ұсталған қылмыскерлер ҚР қылмыстық кодексінің 300 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық жазаға тартылды.
Соңғы жылдары КЗ0 есірткіге қатысты қылмыстар жиілеп кетті. Тек соңғы жылдары ондай қылмыстар саны 20% көбейген. Есірткі өсіруге және таратуға итермелейтін негізгі себептер: материалдық тұрғыдан қызығушылықтың болуы және тұрақты жұмыстың жоқтығы болып табылады. Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында ҚР ҰҚК ШҚ 2019 ә/б шекарашылары ауылдық округ әкімшіліктерімен бірлесе есірткі бизнесімен айналысу – ауыр қылмыс екендігі жөнінде шекаралық аймақтың тұрғындарына түсіндіру б/ша жұмыс жасауда.
Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізбек бейбіт, тыныш заманды орнату қаншалықты қиын болса, осы орнаған тыныштық пен бақ-береке қонған ұлтымызды сақтау да қиын. Ендеше нашақорлық, есірткі алқаптарын өсіру ұлтымызды, оның ішінде жастарымызды жоятын қару екенін түсініп, бүкіл халық болып күресуіміз қажет, қазірде бізге әрқашан тәртіптік жүйеде бірлік керек.
К.УМИРХАНОВ,
ҚР ҰҚК ШҚ «Оңтүстік» ӨБ 2019 әскери бөлім «Шиелі»
шекара комендатурасының коменданты,
подполковник.