Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Біз есірткіге қарсымыз

Біз есірткіге қарсымыз


Есірткі сөзі грек тілінен аударғанда ұйқы деген мағынаны білдіреді екен. Оның жалпылама мағынасына келсек жансыздандыру, сезімнен айырылу дегенге саяды.
Олар таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар. Оларға марихуана, саңырауқұлақтар жатады. Нашақорлық әлемді жайлап, күн сайын тамырын тереңге жайып бара жатқан ғасыр дертіне айналуда. Дүниежүзінде бұл дерт Орта Азия елдерінде өршіп келе жатқаны анықталды. Өкінішке орай соңғы кездері елімізде де есірткі қолданып аз уақыттық ләззатқа алданып жүрген жастардың қарасы көбейген. Оның себебі де әр алуан. Біріншіден, мұндай заттардың қолжетімді болуы. Неліктен халық арасында бұндай зиянды заттарға қол жеткізу оңай? Себебі, ол бәзбіреулер үшін бизнес көзі мен ақша табудың жолына айналып отыр. Бірақ ондай бизнестің ешімге опа әкелмейтіндігін әлі сезінер емес. Сондай-ақ, жаман жолмен келген ақша өз қандасының көз жасы екендігін, отбасын әкесіз, ананы баласыз қалдырып жатқанын түсінбейді. Бұл дегеніміз біздің қоғамдағы рухани дүние мен байлықтың азайып бара жатқандығын көрсетері анық. Ел арасында есірткі пайдалануға болмайды, темекі шегуге тыйым салынады деген ережелерден келер пайда аз. Оның үстіне тақтайшаға ілінген ескертпемен тірлік бітпейтінін түсінетін уақыт жетті. Әсіресе, осы жөнінен өскелең жас ұрпаққа сапалы түрде санасына сіңіруіміз керек. Жалпы, ғасыр дертіне айналған зұлымдықтың бұл түрімен жамағат болып күресуіміз қажет. Олардың бойындағы нашаны бір рет пайдаланып көрсем деген қызығушылықтың соңы бітпес қайғыға апаратынын саналарына сіңіргеніміз жөн.

Мәншүк Жұмабаева, 10 «Ә» сынып оқушысы.
27 қаңтар 2018 ж. 5 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031