Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛІМІЗДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

ЕЛІМІЗДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ


Орталық коммуникациялар қызметінде елімізде жаппай ОРВИ тұмауы мен суық тию бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты  баспасөз конференциясы өтті. Жиын барысында  Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 14 пайызға төмендегенін айтты.
– Қазіргі таңда біздің елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып табылады. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы сырқаттанушылық 14 пайызға төмен. Әр жылда жіті респираторлы вирустық инфекция және тұмау аурулары осы желтоқсан айының ортасынан басталады. Одан кейін қаңтар айында екінші жарты жылдығынан бастап оның көтерілуі мүмкін. Қазіргі таңда лабараторияларда анықталған тек қана 30 жағдайы тұмаудың тіркеліп жатыр. Оның ішінде 58 пайызы ол «Б» типі және 42 пайызы «А» типі, – деді спикер.
Биылғы жылдың ерекшелігі – 2009-2011 жылдары бүкіл әлемді шулатқан Н1 тұмауы биыл тіркелмегенін айтқан бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин, биыл елімізде тұмауға ұқсас топтардың ішіндегі аса қауіпті вирустардың бірі карона вирусы тіркеліп жатқанын тілге тиек етті.
– Ол бір кездері Сауд Арабиясы мен Корея елдерінде тіркеліп, соңы өліммен аяқталған жағдайлары болды. Елімізде тіркелген бұл вирус әзірше 4 пайызды құрап отыр. Осыларды ескере отырып, біз алдын-алу шараларын атқарып жатырмыз. Ең біріншіден аурулардың санын азайту және асқынуларды болдырмау үшін күш жұмсаймыз, – деді ол.
08 қаңтар 2018 ж. 1 697 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 104

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031