Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТУБЕРКУЛЕЗ – бұл өте қауіпті де, жұқпалы ауру

ТУБЕРКУЛЕЗ – бұл өте қауіпті де, жұқпалы ауру



Әйтсе де, уақытылы анықталып, дұрыс емделгенде туберкулезден – толық жазылуға болады.
Тексерілуден уақытылы өтпей, дәрігерге кеш қаралу дерттің өте ауыр түріне әкеліп соғады.
Дер кезінде анықталмай, қажетті ем қабылдамаған туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас - жөтелгенде, түшкіргенде қоршаған ортаға микобактериясын таратып, сау адамға жұқтырады.
ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ЖИІ ШАЛДЫҒАТЫН АДАМДАР:
– иммунитеті әлсірегендер,
– жиі қажып, шаршайтындар,
– жиі күйзелістік жағдайға ұшырай­тындар,
– сапасыз және дұрыс тамақтан­байтындар,
– жиі суық тиіп ауыратындар,
– созылмалы инфекция ошағы барлар,
– есірткі, алкоголь, темекі тұтынатындар.
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ!
– 2 аптадан астам жөтелу,
– тез шаршағыштық және жалпы әлсіздік,
– тәбеттің төмендеуі,
– салмағын жоғалту,
– тершеңдік, әсіресе түнгі уақытта,
– дене қызуының жоғарылауы (37,20С – 37,80С),
Осы аталған белгілер байқалған жағдайда, жылдамдатып дәрігерге қаралыңыз.
ӨЗІҢДІ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?
БіЛУ КЕРЕК:
– Сәби туылған кезде міндетті түрде БЦЖ вакцинациялау және 6-7 жаста ревакцинациялауды екпе жасату кестесіне сәйкес жүргізу,
– Жыл сайын өкпені флюрогра­фиялық тексеруден өткізу қажет,
– Салауатты өмір салтының қағидаларын ұстану,
– Дұрыс күн тәртібін сақтау,
– Ұтымды тамақтана білу,
– Үнемі дене шынықтырумен айналысу,
– Темекі, алкоголь, есірткі тұтынудан бас тарту,
– Жеке бас гигиена ережелерін сақтау.

Л.Дүйсеманов,
«Амбулаториялык емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы» туберкулезге қарсы бөлімшенің дәрігері.

(Қызылорда облысының әкімшілігі. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасынан 09.08.2016 жылы №16012669 мемлекеттік лицензиясы берілген)
26 ақпан 2018 ж. 1 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031