Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
#есірткігеқарсы
#противнаркотиков
Жер жаһанды жайлаған жаманат індет бар. Ол – нашақорлық. Әлем елдерін әбігерге салған есірткі бизнесіне құрық салу қиындап тұр. Бұл мәселеде Қазақстан мемлекеті де қауіпсіздік іс-шараларын күшейтіп, есірткі сату ісіне тосқауыл қоюда. Адам баласының есін алатын есірткінің елімізге тигізер кері әсері көп. Ел экономикасының артуына, Қазақстан халқының өмір сүру жасының ұзаруына салауатты өмір салтын сақтаған, білімді жандар ғана септігін тигізе алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үлкен сенім артты. Олардың кемел келешегі үшін жаңа бастамалар көтерді. Мен, Президенттің саясатын қолдай отырып, барша Қызылордалық жастарды салауатты өмір салтын сақтауға шақырамын!
Құрметті Қызылордалықтар! Жалынды жастар!
Мен сіздерге есірткі жайлы айтып беремін! Оң-терісін ажыратып, болашаққа таңдау жасаңыздар!
- Есірткіні немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, имеденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады;
- Есірткі адам өмірін қысқартады; Туған-туыс, дос-жараннан жырақтады; Психикалық ауытқулар болады;
- Нашақорлық дертінен айығу өз қолыңда;
- Тәуелсіздігін алғанына 30 жыл толған жас мемлекетіміздің ертеңі үшін есірткіден бас тартуға;
- Жат қылықтан ада болып, зиянды, теріс әрекеттер жасамауға;
- Есірткіге қарсы күрес қоғамын құруға;
- Ішімдіксіз, темекі, есірткісіз бірінші мемлекет болуға ШАҚЫРАМЫН!
Мәңгілік елдің ертеңі біздер, жастар! Менің жасым 15-те. Мен ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата білемін. Үнемі ұстаздардың ұлағатын тыңдап, ата-ананың ақылына құлақ асып, кітап, газет-журнал оқу арқылы жарқын болашаққа қадам басып келемін. Ғасыр індетіне айналған нашақорлықпен бірге күресейік! Болашағымызға балта шауып, әзәзілдің тұтануына, шарпыған қызыл оттай елімізді жайлауына жол бермейік!
Шиелі ауданы, Арайлым Пернебайқызы
№270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы мектеп