Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі туралы айтып беремін

Мен саған есірткі туралы айтып беремін

Есірткінің ағзаға кері әсері - Muslim.kz  #УПНДПКЗО
Бір жанды көрдім. Көзі қып-қызыл қанталап кеткен. Тістері сарғайып, өңі қуарған. Жүзін баяғыдай емес, әжім торлаған. Өзі ашушаң. Сәл нәрсеге ызаланып, үй ішінің берекесін алады. Бұрындары мектеп бестікке оқитын. Тәртібі де үлгілі еді. Ата-анасы мектептегі жиналыста үнемі мақтау естіп, еңсесін тіктеп қайтатын. Менің ата-анам да оны бізге үлгі ететін. Өзі армандағандай ЖОО-на да түсті. Үздік оқушының грантқа түсетініне ешкім күмәнданбады да. Үйінде жалғыз ұл болса да еркелігі жоқ болатын. Әттең-ай, есірткіге келгенде есін жоғалтып алғанын көрмейсіздер ма?
         Тағдыр бұралаңы әп-сәтте осылай басқа арнаға бұрылып кетерін кім білген? Ата-анасынан тиын сұрап алмайтын көршімнің қалаға барып басқа адамға айналғаны өкінішті-ақ. Үйіне келіп әке-шешесінен ақша сұрағаннан басқа тірлігін көрмейтін болдық. Жанжал, айқай-шу сол құрғыр есірткі үшін шығатын. Бір-ақ сәтте туған-туыс, дос-жараннан жырақ кеткен оның тағдыры қара түнекке айналды. Қаншама ем-шаралар жасалды. Бірақ бұрынға алғыр да озат жігіт жоқ. Құр сұлбасы қалған тірі жанға айналды да қалды.
         Ата-анасының күні-түні Алла жалбарынғаның арқасы болар, әйтеуір ем-шараға көндігіп, беті бері қарады. Сол көрші апаммен әңгіме дүкен құра қалсаң есіркінің зардабын айтып беретін. Содан болар мен достарымның арасында үнемі «сендерге есірткі туралы айтып берейін, білесіңдер ма?» деп салауатты өмір салтын ұстануға шақырып жүремін. Елбасы Н.Назарбаев «»Қазақстан – 2030» жолдауында көрсетілген ең өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір салтын ұстану және оны насихаттау мәселесі. Дүниежүзі «жұқпалы ауруға» балаған нашақорлық дерті Қазақстанның да шекарасын жарып өткені жасырын емес.
         Өмір адамға бір-ақ беріледі. Ал оны қалай өткізу әр адамның өз қолында. Сондықтан қандай да бір қадамға бармас бұрын оның салдарын ойлана білейікші достар. Есірткі қоғамның – қасы, аурудың – басы екенін қаперде ұстаңыздар. Есірткі тұтыну арқылы түрлі ауруларға душар болады. Одан бөлек бұл күндері салт-дәстүрімізге жат, небір сұмдықтарды да құлақ шалуда. Анасын соққыға жығып, жақынын аяусыз өлтірген қылмыстардың артында да осы нашақорлықтың қара көрсетуі жанға батады. Бұрын соңды көз-көріп, құлақ естімеген қулық-сұмдықтың одан әрі өршіп кетпеуі үшін де есірткіге қарсы тұруды тоқтатпауымыз керек. «Саусақ жұмылса жұдырық» деген қазақ халқы. Сондықтан бірлесіп істеген іс, келісіп пішкен тон келте болмайтынындай, қоғам дертімен бірге күресейік. Мен барша қазақстандықтарға есірткі туралы айтып беремін. Тек ертерек құлақ асыңыздаршы бауырларым!
Ризат Асанова,
Қызылорда қаласы, «Болашақ» университетінің 2 курс студенті
15 қаңтар 2021 ж. 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930