Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі туралы айтып беремін

Мен саған есірткі туралы айтып беремін

Ерте?і?ді ойласа?-есірткіге жолама! - внеурочная работа, презентации Өмір – адам баласына берілген баға жетпес байлықтың бірі. «Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр» деп бағасына жеткен қазақтай халық жоқ шығар. Дегенмен бұл күндері сол тағдырын есіркіге құрбан етіп жіберген қаншама жандар бар. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі – оның денсаулығына тікелей байланысты. Себебі дені сау адам ең бақытты адам.
         Бүгінгі қоғам дертіне айналған нашақорлық мәселесі тамырын тереңге жайып барады. Әлем елдері зардабын тартқан бұл кесел Қазақстанның да шекарасынан аттағаны жанымызға батады. Тепсе темір үзетін жас толағайлар мен қаракөз қыздарымыз да есірткіге әуестеніп, ессіз әрекетке баруда. Жасөспірімдердің еліктегіш келетін қасиетін пайдаланып, нашақорлардың санын арттырып жүрген қылмыскерлер жаза тартылғанымен, оларды түп-тамырымен жойып жіберу үлкен қиындық тудыруда. Неліктен? Себебі қоғам болып ұқйысып, есірткісіз әлемді бірге құруға әлі де болса жұмыла алмай келеміз.
         Мен өзімнің достарыма, қазақ елінің жастарына, аға буын үлкендерге есірткіге жоламаңыздар дегім келеді. Бұл зиянды зат кез-келген жанның санасын улап, мемлекетіміздің құлдырауына жол ашады. Есірткі татып есеңгіреген адам елінің болашағын ойламақ түгілі жақынын жаттай көріп, туған-туыстың барын ұмытады. Ал бұл процесс осылай жалғаса берсе Қазақ елінің ертеңгі күнін қалыптастыратын дені сау, сауатты ұрпақтың азайып кетуі бек мүмкін.
         Барлық дамыған алпауыт елдер есірті тасымалына есіктерін тарс жауып жатыр. Бұл жолда Қазақстан да бар. Дегенмен нашақорлардың тіркелу факторы әлі де болса көңіл көншітпейді. Бұрындары есірткіні кейбір ауруларды емдеу пайдаланылған деген деректер де бар. Қазір Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізімге назар аударсақ есірткіні медициналық мақсатта пайдалануға тиым салынған. Нақтырақ айтар болсақ оның 72 түріне, гашиш, анаша, героин, кокаин, каннабис, апиын сынды түрлері бар.
         Жалпы біздер есірткі жайлы осыншама деректерді мектептегі ұстаздарымыз арқылы білудеміз. Олар «Есің болса есірткіге жолама», «Есірткіге жол жоқ», «Мен өмірді таңдаймын!» сынды акциялар мен ашық сабақтарды жиі ұйымдастырады. Бұл біздер үшін жарқын болашақты таңдауға таптырмас мүмкіндік. Есірткінің зияны мен зардабын білген сайын оны Қазақ елінен аластап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тырысамын. Сол үшін барша адамдарды нашақорлықпен күресуге шақырамын. Біз біріксек бәрін де жеңеміз. Мен жарқын болашаққа сенемін!
#УПНДПКЗО
Өркениет Идаятұлы
№157 Шиелі аудандық, Б.Пәрімбетов атындағы қазақ орта мектебінің 10 “б” сынып оқушысы
14 қаңтар 2021 ж. 1 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930