Мен саған есірткі туралы айтып беремін
#УПНДПКЗО
Адам – қоғамның ең басты байлығы. Сондықтан әрбір Қазақстан азаматының денінің саулығы өте маңызды. Өкінішке қарай бүгінде жастардың басым бөлігі ішімдік, темекі, есірткі сынды улы заттарға жиі әуестенеді. Сондықтан болар қазақ халқы бұрын соңды көрмеген небір қылмыстар мен озбырлықтардың куәсі болуда. Осы кезге дейін жақын досың, не болмаса көршің қалыпты өмір кешіп жүрген болатын. Кенеттн оның шаршаңқы қалпын, оғаш қылығын, ызақор, ашуланшақ қалыпқа жиі түсетінін аңғарасыз. Сол сәтте әрине бірден нашақорлықтың айықпас дертіне душар болғанын біле қоймассыз. Бірақ өз өмірін өксікке толы қара түнекке айналдырғанын көріп көңіліңіз жабырқайтыны сөзсіз.
Есіртікінің зиянын ойласаңыз жаның түршігеді. Өзіне еліткіш келетін есірткі өте бағалы қымбат «у» десекте болады. Алғашқыда қызығушылықпен басталса, кейін тәуелділіктен мүлдеп бас тарта алмайды. Осылайша адам бойындағы есіру сезімін еселей түсетін есіркінің құрбаны айналып кеткеніңді аңғармай да қаласың. Ұстаздар мен психолгтар, дәрігерлер ұйымдастыратын түрлі сакциялар мен сабақтар біздерді, яғни жасөспірімдерді есірткіге жоламауға шақыратыны сөзсіз. Сондықтан менде өзім білетін барша жастарға есірткінің адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін айтудан шаршамаймын. Сіздер біле жүреңіздер әлсіздік, ұйқысыздық, тәбеттің жоғалуы, жүдеу, шіріген тістер мен шаштың түсуі, ерте әжім басқан бет – нашақорға тән портрет.
Қатыгездік. Қоғам да халық та қорқатын дүние осы. Нашақорлардың бойында пайда болатын қатігездіктің шекарасы болмайды. Ол өзінің туған анасын да танымай қалуы мүмкін. Қазақ елі келешекте дамыған 30 елдің қатарына қосылуды көздеп отыр. Демек мәдениеті дамыған, техникасы жетілген алпауыт елдермен терезе теңестірмекпіз. Ал ол үшін нашақорлар емес білімді де білікті, дені сау ұрпақ қажет.
Есірткінің көзге көрінетін зиянын барынша жеткізуге тырыстым. Ал оның көзге көрінбейтін қаншама зияны бар. Жалпы Қазақстанда ресми емес деректерге сүйенсек 350 000 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді деген болжам бар. Бұл әрине қорқынышты. Сондықтан адамдарды әсіресе жастарды індеттің ілмегінен аулақ ұстауға тырыспасақ болмайды. Есірткі – қасірет белгісі. Есірткі-әуестікпен дәмін көріп, жалыққан соң тастап кететін ойыншық емес. Дәмін тату дегеніміз – шыңырауға қарай қадам басу деген сөз. Ал шыңырауға құлауға аяқ басып, одан кейін қайта ойланып, қайта оралу мүмкін емес! Есірткі түптің-түбі өлімге алып келеді.
Нұрғиса Кенжешов,
Шиелі ауданы, №157 Б.Пәрімбетов атындағы
Қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы