Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » УИТНИ ХЬЮСТАН ӨЛІМІ ТУРАЛЫ ЖАҢА ДЕРЕК ШЫҚТЫ

УИТНИ ХЬЮСТАН ӨЛІМІ ТУРАЛЫ ЖАҢА ДЕРЕК ШЫҚТЫ


Биыл әйгілі әнші, жарық жұлдыз Уитни Хьюстанның қаза тапқанына 6 жыл толды. Арада осынша уақыт өткенде оның күйеуі Бобби Браун бұл қазаға есірткінің еш қатысы жоқ деп отыр. Бұл туралы CNN жазады.

«Уитни есірткі қабылдап, қаза тапқан жоқ, себебі, соңғы уақытта ол бұл жаман әдетінен мүлдем бас тартқан болатын» деп сұхбат берді Бобби Браун.
Уитни Хьюстан Бобби екеуі 1992-2007 жылдар аралығында бірге өмір сүрді. Ал Браунның бұл жаңа мәлімдемесі көпті таңғалдырды. Себебі, араға 6 жыл салып, Браун жаңа ақпарат таратып отыр.
Бобби Браун Уитни Хьюстанның «жүрегіне көп ақпаратты тым жақын қабылдап, өмірден баз кешіп кеткендігі» себебінен қаза тапқанын айтады.
Ал токсикологиялық тест 2012 жылы Уитни Хьюстанның аяғындағы күре тамырынан қан алып, талдау жасау нәтижесінде 1 миллилитр қанында 0,58 микрограмм кокаин болғанын анықтаған болатын. Кокаинмен қатар тыныштандыратын Xanax марихуанасы, Flexeril миорелаксанты, Benadryl аллергияның алдын алатын дәрі табылған.
Айта кетерлігі, Браунның қазіргі әйелі және оның менеджері қызметін қоса атқарып жүрген Алисия Браун болса, 2012 жылы Лос-Анджелес қонақ үйлерінің бірінде қаза болған Уитни Хьюстанның тікелей есірткі қабылдау салдарынан о дүниелік болғанын айтып, сұхбат беруде.

Baq.kz 
02 наурыз 2018 ж. 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930