Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жағымсыз іс ­–­ әбігер етеді

Жағымсыз іс ­–­ әбігер етеді


Өмір. Мына керемет өмірде мені көптеген сұрақтар толғандырады. Солардың бірі – «Өмір адамға не үшін беріледі?» деген сұрақ. Бала өмірге келеді, ата-анасы қуанады, балабақшаға барады, бәрі сүйсінеді, мектепке барады, туыстары шаттанады, өседі, көмекшіге айналады. Бірақ осы қуаныштардың су сепкендей басылатын кездері де өмір болған соң кездесіп жатады.

Өз аузына қолы жеткен жігіт немесе бойжеткен өмірдің басқа да қызықтары мен құбылыстарын қалт жібергісі келмей, әр нәрсеге қызыға бастайды. Ол темекі, арақ, насыбай, есірткі секілді зиянды заттарға әуестік болуы мүмкін. Осылардың біреуіне құмартты ма, түзу жолдан қиғаш кетті дей беріңіз. Ата-ана да қай кезде шалыс бастым? Неге менің балаларым мұндай пәлеге душар болды? – деп ах ұрады. Өйткені жаман әдетке душар болған баланы бастапқы сүйкімді қалпына келтіру өте қиын. Осылай азапты күндер арта түсуі де мүмкін. Бірақ олай болды екен деп, қарап отыруға да болмайды. Ата-анаға не болмаса мұғалімнің мойнына жүктеп қоймай, мұндай дертпен қоғам болып күресуіміз керек.
Маған түсініксіз, неге жеткіншектер бәрін біле тұра осы зиянды нәрселермен әуестенеді? Себебі неде? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейікші. Жалпы, жастардың зиянды әрекетке бой алдыруы тұрған жері, яғни, қала, ауылға байланысты деу қателік болар. Бәлки, өскен ортасы мен көрген тәрбиесінің әсері көп секілді. Сондай-ақ айналысатын шаруасы, істейтін жұмысы жоқ болған соң да осындай әрекеттерге баратын секілді. Әрине мен бұл сөзіммен барлық жастарға топырақ шашпаймын, өйткені бос уақытын спортқа, қосымша сабақтарға т.б. пайдалы салаға арнайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын жасөспірімдер де көп. Дей тұрғанмен темекі, насыбайдан бастап, есірткі заттарына қызығушылықтың туындауынан көбінесе бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлап, қиын жолға түсетін жастар да аз еместігін мойындауымыз керек.
Иә, жастар уақытымызды қызықты өткізгіміз келеді. Айталық би кеші және басқа да ойын-сауық орындарына барғанды қалап тұрамыз. Бірақ қала жастары болмаса, ауыл жастарының мұндайға мүмкіндіктері бола бермейді. Әсіресе мереке кездерінде, туған күндерде отырыс немесе кеш ұйымдастырғымыз келеді. Ол үшін бәріне дайын сияқтанамыз. Бірақ көбіне ат-ана, мұғалімдеріміз рұхсат етпейді. Мүмкін осындай шектеу, тыйым да керек шығар? Өйткені бала дұрыс тәрбие, тыйым жасау арқылы да көп пәледен аман қалады. Мәселені шешу үшін оның себептерін анықтау керек. Нашақорлықтың шығу себептері – айналадағы адамдарға еліктеу, ерік-жігерінің жоқтығы мен бос уақытының көп болуынан болуы мүмкін. Сол үшін ата-ана, мұғалім, жалпы қоғам бала тәрбиесіне назар салып, болашақ ұрпақтың дені сау, салауатты өмір сүруіне қазірден көңіл бөлу керек. Ол үшін жасөспірімдерге пайдалы ақыл-кеңес айтып, оларға арнайы уақыт бөлген дұрыс.
Айтуға оңай, әрине. Бірақ осы жағдайлар орын алғанда ғана біз зиянды әдеттерден аулақ болып, жақындарымызға, қоғамға пайда әкеліп, отанымыздың өркендеуіне күш қосарымыз анық.

Алтынай Қазбекова,
№152 қазақ орта мектебінің
9 сынып оқушысы.
25 мамыр 2019 ж. 1 262 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930