Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейірімділік туралы өсиет әңгіме

Мейірімділік туралы өсиет әңгіме

ÐейÑÑÑмдÑлÑк ÑÑÑÐ°Ð»Ñ Ó©ÑÐ¸ÐµÑ ÓңгÑме
Саудагер айналаны бақылап, терезеге ұзақ қарап тұрды. Осы сәтте дүкенге сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Қаздай тізілген моншақтарды көргенде көздері жайнай түсті. Арада біраз уақыт өткен соң қолын созып, көгілдір ақықтан жасалған моншақты нұсқады. - Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Оны маған гүл суреті бар қағазға орап бересіз бе? – деп сұрады бүлдіршін. Саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып: - Сенің қанша ақшаң бар? – деп сұрады. Бүлдіршін қалтасынан ақша ораған орамалын алып, үстелдің үстіне бірнеше тиын қойды. - Бұл жете ме? – деп сұрады. Дауысынан үміт оты ұшқындай түсті. Бүлдіршін ұсынған ақша моншақтың қорабына да жетпейтін еді. - Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Әпкем анамыз қайтыс болғалы бізге қарайлап келеді. Ол өзіне мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні. Мына моншақты сыйлағым келеді. Ақықтың түсі көзімен жақсы үйлесетін еді, - деп бүлдіршін мақтана түсті. Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі елжірей түсті. Моншақты қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады. - Ала ғой, құлыным! Жолда абайлап жүр. Жоғалтып алма, - деп моншақты ұсынды. Қуаныштан жүрегі жарылардай болған бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Саудагердің жұмыс күні аяқталуға таяп қалған кезде дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. Бірден саудагердің үстелінің үстіне моншақты, қаптаманы және лентаны бөлек-бөлек қойды. - Бұл моншақ осы жерден сатып алынды ма? Оның бағасы қанша? – деп сұрады бойжеткен. - А! – деді саудагер, - Мен кез келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын. - Менің сіңілімнің бірнеше тиыны ғана бар болатын. Ал мына моншақ таза ақықтан жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз көтермейді, - деп ағынан жарылды бойжеткен. Саудагердің жүзіне күлкі үйіріліп, бойжеткенге моншақты қайта ұсынды. - Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді... Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды. Өзіміз бала тәрбиелейміз деп жүргенімізде сәбилердің ұстаз болатын кездері бар. Жүрегі махаббат пен мейірімге толы сәбилерден үйренеріміз көп. 

Massaget.kz
29 наурыз 2019 ж. 1 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930