Мейірім бер, қымбаттым
Жарылқама!
Берме маған жауыздықтың семсерiн,
Мейiрiм бер, мұңайғанда жасың сүртем мен сенiң.
Мейiрiм бер,
Мейiрiм бер, жүрегiмдi тас қылма,
Үйдегi Ана мейiрiн бер түзде жортқан қасқырға, –
Бұл М.Мақатаев ақынның «Мейірім бер, қымбаттым» атты өлеңі. Мақаланы бұлай бастауымызға мына бір оқиға себеп.
Бірде кезекті жиыннан шығып, жұмысқа бару үшін орталыққа беттедік. Базар маңайына келгенде анадайда алдында кішкене қорабы бар, жанында 6-7 жас шамасындағы қызы бар әйелді тағы көзіміз шалды. Әдетімізше, алдындағы қағаз қорапқа тиын тастап өттік. Бірақ, әлгі әйелдің бейнесі біразға дейін ойдан шықпай қойды. Сөйтіп, жұмысқа жету үшін асығып кетіп бара жатқанымызда қатты дауыстар бізді өзіне қаратты. Бақсақ, бір үйсіз-күйсіз жан алдынан кездескеннен нанға деп тиын сұрап жүр екен. «Ана жаққа бар! Сен үшін нан таппаймыз! Кет қазір милиция шақырамын!» «Осылай жинап алады да қазір арақ ішеді барып» – деп қатқыл шыққан дауыстар мен әлгі «Бомждың» кейпі біраз ойлардың арнасына жетеледі бізді. Шынында мейірімсіздік пе, әлде күнде ақша сұрағаннан шаршаған адамдар ма?
Естеріңізде ме, біз бала кезімізде бір кісілер үй аралап жүруші еді ғой. Сонда, әжелеріміз, аналарымыз «Міскін ғой», болмаса «мүсәпір ғой» деп үйден нан, ас-ауқат салып беруші еді ғой. Сол кездегі мейірім қайда, жүрек қайда? Әлде заманның ағымымен, өмірдің қым-қуыт тірлігімен бір қалтарыста қалып қойды ма екен? Осы орайда, сіздермен Қарлыға Бүйенбайдың мына қысқа әңгімесін бөліскенді жөн көрдім. Бәлкім, ой салар.
Саудагер айналаны бақылап, терезеге ұзақ қарап тұрды. Осы сәтте дүкенге сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Қаздай тізілген моншақтарды көргенде көздері жайнай түсті. Арада біраз уақыт өткен соң қолын созып, көгілдір ақықтан жасалған моншақты нұсқады.
– Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Оны маған гүл суреті бар қағазға орап бересіз бе? – деп сұрады бүлдіршін. Саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып:
– Сенің қанша ақшаң бар? – деп сұрады. Бүлдіршін қалтасынан ақша ораған орамалын алып, үстелдің үстіне бірнеше тиын қойды.
– Бұл жете ме? – деп сұрады. Дауысынан үміт оты ұшқындай түсті. Бүлдіршін ұсынған ақша моншақтың қорабына да жетпейтін еді.
– Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Әпкем анамыз қайтыс болғалы бізге қарайлап келеді. Ол өзіне мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні. Мына моншақты сыйлағым келеді. Ақықтың түсі көзімен жақсы үйлесетін еді, – деп бүлдіршін мақтана түсті. Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі елжірей түсті. Моншақты қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады.
– Ала ғой, құлыным! Жолда абайлап жүр. Жоғалтып алма, – деп моншақты ұсынды. Қуаныштан жүрегі жарылардай болған бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Саудагердің жұмыс күні аяқталуға таяп қалған кезде дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. Бірден саудагердің үстелінің үстіне моншақты, қаптаманы және лентаны бөлек-бөлек қойды.
– Бұл моншақ осы жерден сатып алынды ма? Оның бағасы қанша? – деп сұрады бойжеткен.
– А! – деді саудагер,
– Мен кез келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын.
– Менің сіңілімнің бірнеше тиыны ғана бар болатын. Ал мына моншақ таза ақықтан жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз көтермейді, – деп ағынан жарылды бойжеткен. Саудагердің жүзіне күлкі үйіріліп, бойжеткенге моншақты қайта ұсынды.
– Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді...
Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды. Өзіміз бала тәрбиелейміз деп жүргенімізде сәбилердің ұстаз болатын кездері бар. Жүрегі махаббат пен мейірімге толы сәбилерден үйренеріміз көп.
Иә, расында, жоғарыдағы әңгіме желісіндігі кішкентай бүлдіршіннің бойындағы қасиет пен бауырмалдық, жанашырлық пен мейірімділік көп адамның бойынан табыла қоюы екіталай дүние. Күн сайын әлеуметтік желідегі сан-түрлі қатыгездіктің куәсі болудамыз. Сол бейнероликті көріп көз жасымыз көл болады. Бірақ, етжақын бауырымызға бармақтай мейірім бере алмаймыз. Көшеге шықсаң да, теледидар қоссаң да мейірім жетіспейді. Тіпті, сәбидің тамашалайтын мультфильмі де түр-сипаты мен іс-қимылы қатыгез кейіпкерлер. Ойыншықтары да осындай тұрпатта. Біздің мейіріміміз өзгенің емес өзегін жарып шыққан шаранаға жетпей жатыр. Тар құрсағына сыйдырған ананы кең үйге сыйдыруға мейірімділігіміз жетпеуде. Құрсағына тоғыз ай көтерген баланы көшеге, қоқысқа, әжетханаға тастаған аналардың, досын атақ пен даңқ үшін аяғынан шалған достардың көбеюі жүректі ауыртады.
Ал, біздің бабаларымыз қандай еді? Өткен ғасырдың отызыншы жылдары елде ашаршылық жайлағанда да мәрт те мейірімді қасиетінен ада қалған емес еді. Қуғын-сүргінге ұшырап, біздің жерден пана тапқан қаншама ұлт әуелі Алла, сосын қазақтың мейірімі арқасында аман қалды. Ұлт болашағына қауіп төніп тұрған сындарлы жылдары адамдарды мейірімділік құтқарды. Ол заман мен бүгіннің арасы жер мен көктей. Оларды адам баласы ғой деп, тілі мен дініне қарамай мейірім көрсете білді.
«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» – деген екен данышпан халқымыз. Мейірім – адам бойындағы қасиетті сезім, түйсікті баурап алатын ұлағатты ұғым. Шынайы мейірімді болу – өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Мақала соңын Абайдың «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» – деген асыл сөздерімен аяқтағымыз келеді. Олай болса, жүрегімізді қайырымсыздық пен қызғаныштан қорғап, мейірім мен сүйіспеншілікке толтырайық.
Дина ЖҮСІПОВА.