Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мына күлкілі оқиға жиырма адамның өмірін сақтап қалды

Мына күлкілі оқиға жиырма адамның өмірін сақтап қалды



Дəл қазір Юрий Никулиннің біреуден естіген əңгімесін келтіргенді жөн көріп отырмын:
«Кей кездерде əзіл-күлкі адам өмірін сақтап қалуға себеп болып жатады. Сол сияқты ажалдан аман қалған 20 шақты адамның оқиғасы. 1942-ші жылдың қысында мынадай оқиға орын алды. Біздің отряд жау тылына жіберіледі, орман ішінде жолда келе жатады. Бұрыштан дəл өздеріндей бір отряд күтпеген жерден шыға келеді. Немістер екен. Бір-біріне қарама-қарсы келген топ екеуі тез арада, үнсіздікпен екі жаққа жылдам бұрылып кетеді. Біздікілер оң жаққа, немістер сол жаққа. Толық келген бір неміс сасқалақтағаннан болуы керек, оның үстіне қараңғыда адасып біздің топқа кіріп кетеді. Арғы жақтан біреуі «Ганс, Ганс, Ганс» – деп, дауыстап іздей бастайды. Ол Гансты біздікілер көтеріп алып олардың территориясына лақтырып жібереді. Осы сəтте қызық жағдай орын алады. Лақтырылған ол ұшып бара жатып қорыққаннан болуы керек, мұндай үнсіздікте қатты осырып қояды. Олардың басына құлаған оған немістер ду күледі. Біздікілер де… Сөйтіп бір минуттай уақыт екі жақ жерде жатып, көздерінен жас аға қарқылдап күлісіп алады. Сөйтіп күлкілері ақырын-ақырын басылады. Ары қарай олар еш қарсылықсыз біздікілер өз жолымен, олар да өз жолымен кете береді. Дəл сол күлкілі оқиға олардың бір-біріне деген қарым-қатынасын реттеп берді. Содан кейін олар тіпті бір-біріне қару да кеземеді.»
Иə, мұндай жағдай тұрмақ ағайын, туыстар арасында қарым-қатынас дұрыс болмай жатады. Өйткені мəміленің жоқтығы. Аз ғана ғұмырда мәңгі өмір сүретіндей бір-бірімен жауласып, жаға жыртысатын жағдайлар орын алып жатады. «Əрбір қазақ менің жалғызым» – дейтін заман емес пе қазір? Мына əңгімедегі жаудың өзі дос секілді болған ғибратқа толы оқиғадан түйінеріміз мол. Адамшылық пен мейірім – бірлік пен ынтымақтың кепілі. Қазіргі қазақ қоғамында да біраз кемшіліктер барын жоққа шығармау керек. Отбасымызда туыстар арасында көп күлмейміз, ашылып əңгіме айтпаймыз, сырласпаймыз, көп жағдайда қабағымыз қатулы… Адам болудың орнына қазаққа қазақ жау болуда, қазақтың қызын қазақ жігіті қорлап жатады, қазаққа қазақ қару кезеп жатады. Сонда біздің деңгейіміздің соншалықты хайуани деңгейге түскені ме?!
Иə, қоғамдағы жағымсыз оқиғалар, білімсіздік сынды нəрселер адамның психологиясына кері əсер етуі мүмкін. Десек те білім алып, жаман жолдан тиылып, жақсы жаққа өзгеріп, мұқтаждарға қол ұшын беріп жүріп, ізгі амалдарды жасап жүрсек өзіміз үшін ең жақсы іс сол емес пе?!
«Алланың сəлемін таратыңдар, танымасаңдарда амандасыңдар, бір-бірлеріңе мейірімдерің артады» – деген Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) аманатын ұмытпайық!
25 мамыр 2018 ж. 1 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930