ӨЗІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢ, ӨМІР СОНДАЙ
Өзімізден бұрын өзгеге көңіліміз толмай жүреді көбіміздің. Үй ала алмасақ Үкімет кінәлі, жұмысқа тұра алмасақ қоғам кінәлі, отбасындағы жанжалға жұбайымыз кінәлі, баламыздың сабағы нашар болса мұғалім кінәлі, ауруымыз асқынса дәрігер кінәлі... Ал өзімізді кінәлауға тіліміз бармайды, сөзіміз жетпейді.
Мектепке асығып, таксиге отырғаным сол еді, шопыр жігіт қоғамға деген өкпесін қарша боратты. «Қайда барсаң да, ақша! Жұмысқа тұра алмай жүрмін. Бір-екі мекемеге сөйлесіп едім, ақша сұрап отыр. Сұраған ақшасын білсеңіз, жарты жыл жұмыс істеп, жинап бере алмайсың айлықтан. Сонда айлықты соларға берсем, менің бала-шағамды кім асырайды?! Бізде сол... Тамыр-танысың болмаса, не ақша бермесең, жұмысқа тұра алмай жүргенің. Семьяны асырау үшін «таксовать» етесің. Еріксіз. Жолдың түрі мынау – ойқы-шойқы... Ай сайынғы кредит тағы бар. Түсінбеймін, Үкімет қайда қарайды?!» деп қоғамға деген қара қазан өкпесін жайып салды.
•Сонда сіздің мамандығыңыз не?
•Ой, мамандық деген жетеді! Бір емес, екі диплом жатыр үйде! Сол
дипломға қарап тұрса, баяғыда жұмысқа тұрып кетер едім ғой. Жатыр үйде құр қағаз болып...
•Енді сол оқыған мамандығыңыз бойынша әр мекемеге барып,
резюме тастап, - дей беріп едім.
•Соған бас қатырып жүрем бе? Мекемелердің есігін қағып... одан да
маған осындай шопырлық жұмыс болса, көп басыңды ауыртпайтын. Тыныш қана жұмысыңа барасың, келесің. Артық проблеманы қайтем...
Артық «проблеманы» өзіне артқысы келмеген адамға не деп ақыл айтасың енді?! Діттеген жеріме келгенде, таксиден түсіп қалдым.
«Өзің қандай болсаң, өмір сондай» (Қадыр Мырза Әлі). Әлгі жігітті айтам-ау, оқыған мамандығы немесе қызыққан ісі бойынша талаптанып, талмай еңбек етсе, өзгеге өкпесін артпаса, кінәні біреуден іздемесе, өмірі әлдеқашан өзгерер ме еді. Себебі адам өзі өзгергенде ғана, айналасы өзгереді. Психологиялық заңдылық бұл.
«Өз басымыздағы отты көрмей, біреудің басындағы шоқты көргеннен» гөрі «тау таусынан аз емес бойдағы мінімізді аңғарсақ» (Абай) өмірлік марафонда жолымыз болары анық. Себебі таңдаған орта, таныған қоғам тек өзімізге байланысты.
Арай РАХЫМ