Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Барлығын емдейтін – жұмыс

Барлығын емдейтін – жұмыс


Жұмысқа байланысты жазылған бұл сөздер сізге күн сайын жасап жүрген жұмысыңыз жөнінде өзге ой салуы мүмкін. Жұмыстың күйзеліске түсірмейтін тек бір түрі бар. Ол орындауға міндетті емес жұмысың. Жорж Элгози Кімде-кім тәулік бойы ара сияқты белсенді, бұқа сияқты күшті болып, аттай қауырт жұмыс істеп, кешке үйге иттей шаршап келетін болса, мал дәрігеріне барып кеңес алуы керек. Оның есек болып шығуы мүмкін. Халық даналығы Тапқан жұмысыңды жақсы көретінің соншалық – әр аптаға тағы да бес күн қосқың келіп тұратындай болсын. Джексон Браун Жұмыс – адам істеуге тиіс нәрсе, ал ойын – атқаруға міндетті емес түсінік. Марк Твен Кейде жұмыс ішімдіктен еш айырмасы жоқтай көрінеді. Екеуінің де мақсаты көңіліңді алаңдату, мәселелеріңді ұмыту, ең бастысы өзіңнен өзің қашып құтылу. Олдос Хаксли Адам айналысарға ісі бар кезде көңіл күйі жақсы болады. Бенджамин Франклин Жұмыс – барлық бәледен емдейтін ең жақсы дәрі. Эрнест Хемингуэй Менде жұмыс күндері, демалыс күндері деген болған жоқ. Мен жай ғана айналысқан ісімнен ләззат алдым. Томас Эдисон Өміріңізді жұмысқа емес, керісінше, жұмысыңызды өмірге толтырыңыз. Курт Кобейн Жұмысты он екі сағат бойы емес, жай ғана баспен жасау керек. Стив Джобс Ісіңізден рахат алыңыз, сонда өміріңізде ешқашан жұмыс істемейсіз. Билл Гейтс Өмір сүру – жұмыс істеу. Еңбек бар жерде – өмір бар. Вольтер Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру. Дінмұхаммед Қонаев

Massaget.kz
18 қаңтар 2018 ж. 1 742 0