Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҚСЫЛЫҚ ТА, ЖАМАНДЫҚ ТА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

ЖАҚСЫЛЫҚ ТА, ЖАМАНДЫҚ ТА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Үлкен сауда орталығында әжесі екі немересін ертіп, азық-түлік алып жүреді. Немерелері балалықпен сөредегі түрлі тәттілерді көріп алғысы келсе де, әжесінің айтқанынан шыға алмайды. Ал әжесі қаражат тапшылығынан олардың қалауын  орындай алмайды. Жәудіреген көздеріне қарап:
– Бүгін атаңның туған күні. Торт ала ғой, - дейді. Немересі шаттана басып, торт таңдап әкеледі. Кассаға жеткенде торт бағасы алған азық түлігінің жарты ақшасын құрағанын көреді. Қалталарын қағып, ақшасы жетпейтін болған соң, тортты қайтарып береді.
– Әже, тортты алайықшы, өтінемін.
– Келесі жолы аламыз, құлыным.
– Өткен жылы да осылай айтқансыз, - деп ештеңе түсінбейтін бүлдіршін көз жанары жасқа толып бұртияды.
  Бағанадан бері осы көрініске куә болып тұрған жас жігіт әженің қарсылығына қарамастан, тортқа ақша төлеп, сатып алып береді де, қайырымдылығының себебін былай түсіндіреді:
– Мен де бала кезімде туған күніме торт алуды бірнеше жыл армандадым. Анамның жағдайы мүшкіл еді, менің көңіліме бір қарап, жұқа қалтасына бір қарап, шарасыздық танытатын. Дүкенде тұрып анама: «Менің туған күнім ғой. Ең құрығанда бір күн өзіме арналған торт алып беріңізші», - деген сөзімді естіп, бөтен бір кісі мен қалаған торттың ақшасын төледі. Мен ол адамды танымаймын, одан кейін көрген де емеспін. Сол кісі жақсылығының қайтарымын сіздерге көрсеткім келді, - деп қағазға бір сөйлем жазып, кішкене қыздың қолына ұстатады.
Үйге келген соң атасы әжеге:
– Тортқа бола осынша шығындалғаның не? – деп налиды. Әже жағдайды түсіндіреді. Немересі жазуы бар қағазды әкеліп береді.
«Ең қарапайым көмектің өзі адамнан адамға жалғасып келіп, өзіне қайтады» деп жазылған екен. Бұл жазуды кезінде ақсақал өзі әлгі балаға жазып берген болатын.

massaget.kz
06 мамыр 2018 ж. 1 120 0