Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

«Адам анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі ішсем,
жесем деп тұрады. Бұлар тәннің құмары. Сонымен
бірге білсем, көрсем екен дейді. Бұлар жан құмары».

Абай Құнанбаев

Өмір – сыйлық. Өмір – жарық. Өмір – сәуле. Осы нұрлы әлемді гүлді баққа айналдырып, жан дүниесін қуанышқа бөлеу – әрбір адамзаттың табиғат алдындағы парызы. Алайда қазіргі таңда адамзат өмірінде, қоғамда түрлі жағдаяттар орын алып, жастар өз өмірлеріңе зиянды әдеттермен айналысып, қауіптілік орнатуда. Осы орайда мен сіздерге есірткі жайлы айтып берейін.
Есірткі – көп жылдар бұрын пайда болған зиянды зат. Ең алғашында оны емдік жол ретінде пайдаланған. Уақыт өте келе ауруынан жазылғандар есірткіге тәуелді болып қалған. Есірткі – адамды өзіне тәуелді етіп алатын және сол адамның сана-сезімін улайтын, есінен адастыратын, тыйым салынған химиялық зат. Сана-сезімі уланған адамның мінез-құлқы да күрт өзгереді. Бұрын момын, тұйық, өтірік айтпайтын адам өзгеріп, өтірік айтады, төбелесуге дайын тұрады .Қолданбаса ұйқысы бұзылады. Буын-буыны сырқырайды. Ауырсынғанды басу үшін іздеп тұратын болады.
Алла Тағала адам баласын басқа жаратылыстардан ерекше етіп, ақыл мен сана берді, көркем түрде жаратты. Cөз жетпейтін артықшылықтар берді. Солардың бірегейі – ғұмыры мен денсаулығы. Ал денсаулық – адамның басты байлығы. Денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Басты байлығымыздың дұрыс болуы үшін белсенді өмірдің маңызы зор. «Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанғанымыз жөн. «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір» деген. Дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік.
#УПНДПКЗО​​​
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектептің
8 «B» сынып оқушысы
Ақшолпан Сапарбек


15 қаңтар 2021 ж. 549 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930