Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Әуел сөзімді, Абай атамыздың керемет сөзі мен бастағым келіп отыр!«Жұмысы жоқтық,қарны тоқтық,аздырар адам баласын»-деп, Абай атамыз келер ұрпаққа, сөз ұғарлық жастарға үлгі болсын деп асыл сөзін қалдырған.Бірақ қазір заман өзгерді ма, адам өзгерді ма, көптеген біз сияқты жастар теріс жолға түсіп,зиянды әрекеттерге әуес.Бұның бірден бір себебі-оқусыз, жұмыссыз екі қолға бір күрек таба алмай,қылмыс жасап, зиянды әрекеттермен айналысып қоғамды ластап жүрген жастар.Кейбір жастардың ойланбай жасайтын әрекетінен, Есірткі қаншама адамның түбіне жетті,бір улы затпен алданып бақытты өмірлерін баянсыз етті. Тек қана жастар ғана емес,аға буындарда,өз жасында жастарға үлгі болып,ақыл айтып,жол көрсетіудің орнына,кері тартып келешек ұрпақты улауда.Есірткі-қазіргі қоғамның қас жауы!Есірткінің құрамында көптеген адам денсаулығына зияны тиетін заттар көп.Адам ағзасын улап,ғұмырын қысқартады.Кейінгі кезде зиянды заттардыңда түрлері көбейді.Сол затқа әуес адамдар саны жетіп артылады.Ал осындай жастардың өмірі не болмақ?Өмірдің қамшының сабындай қысқа екеніне бір сәт ойланды мекен? Жоқ әрине! Соның салдарынан,есірткі пайдаланып басы жұмыс істемей,ата-анасы бауырларына қол жұмсап жатқандар қаншама? Есірткі, арақ, темекі, қай Ата-Бабамыздан қалған ас еді,соншалықты құмар болатын!Сенің аузыңа бар тәттіні салып жұрттан кем қылмай өсірген ата-ананы неге бір сәт ойламасқа.Сенен таудай үміт күтіп отырғой,ал сен есірткіге есің кетіп бағалы сәттеріңді жоғалту үстіндесің!Интернет желісінен әр нәрсені көріп,ойымызды есірткіге бойлатқанша,сол кеткен уақытқа неге кітап оқып санамызды оятып өмірде тұлғалы азамат болудың жөнін қарамасқа!Саналы адам болудың орнына,надан адамның тірлігін істеп теріс жолға түсетін,есірткіге әуес болатын жандарға қарның ашиды.Өйткені бір Қазақстанда тұрып,бір ауаны жұтып,қоғамды әлсіретіп жатқандары жанға батады.Өмір тым қысқа! Өміріңді зиянды әрекетпен ойраңдағанша,елімізге қасық қанымыз тамғанша еңбек етейікҚазіргі заманда бәрі бар Аллаға шүкір!-соны бағалайық.Менің айтарым,өмірде бәрі аппақ жол болмайды.Біз тек жақсы болатынына сенуіміз керек!«Болашақ жастардың қолында»-деп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай,есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ!Болашағымыз нұрлы,арайлап ататын таңымыз шуақты болсын десек ел болып,халық болып болашағымызды,ұлтымызды,жоғалтып алмау үшін нашақорлыққа,ішімдік,темекіден бойымызды аулақ ұстап қоғамымызды бұл түнектен арылтып салауатты өмір салтын насихаттайық.Бізге керекгі зор денсаулық!Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,! «Отан-отбасынан басталады»,-әр адамның отбасы ыстық ұясы дегім келеді! Менің отбасым-Есірткіден алыс!

Самал Ерсайынова,
№158 Ш.Қодаманов атындағы орта мектептің 11 "Ә" сынып оқушысы
#УПНДПКЗО
15 қаңтар 2021 ж. 979 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930