Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Қазіргі қоғамда есірткі жайлы көптеп естудеміз. Кішкентай кезде әр түрлі фильмдер көрген кезде есірткі жайлы түсінбеппіз, уақыт өте келе есірткінің зиянын оқып білдім.
Біздің елімізде жастар арасында ішімдік ішу, темекі шегу, есірткі заттарды қолдану көбейіп барады. Гиппократтың айтуы бойынша ұйықтату, жансыздандыру деген мағынаны білдіреді. Есірткіге тәуелді болған адам ешқашан ешнәрсені аямайды, өзінің отбасы, достары, бауырлары зардап шегеді. Есірткіні қолданудың бірнеше жолдары бар: оның бірі – егу арқылы, өйткені бұны қабылдау есірткіні қан арқылы бірден миға жеткізетінін оқыдым. Ең көп тарағаны шаншу немесе егу арқылы жүзеге асады.
Есірткі уын тұрақты ұстайтын адамдарда шіріген тістер, ерте шаш түсу, сарғыш-сұрғылт тері, ерте әжім басқан бет – нашақорға тән бейне. Есірткінің зияны психологияның өзгеруімен тығыз байланысты, ол дөрекіліктен айналасындағыларға қатыгездіктен қарым-қатынасынан байқалады. Нашақорлыққа бойы үйренген адам адам ұрлауға, бір нәрсені ұрлауға итермелейді.
Қазіргі уақытта еліміздегі ғасыр дертіне айналып отырған есірткінің зардабы соншалықты, күллі адамзатқа зор қасірет әкеліп отырғаны белгілі. Десек те ,бұл есірткі туралы ой-өрісі кең көзі ашық адамзат баласы қазіргі уақытта газет-журналдан, теледидардан, ғаламтор жүйесі арқылы көптеген мәліметтер ала отырып, оның зиянды,қауіпті екенін жете түсінуде. Оған әуестенбеудің жолын іздеуде.
Әр адам баласы өмірге, табиғатқа,қарым-қатынас жасауға достарына, отбасына, музыкаға, спортқа қуану , өзінің жетістіктеріне, оқуына, болашақ
мамандығына қанағаттану, армандау және өз армандарын жүзеге асыру үшін дүниеге келеді.
Досым, мен сені салауатты өмір салтын ұстануға, яғни спортпен айналысуға шақырамын.
Сіз өзіңізді-өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілеттеріңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз.Зиянды әдеттерден,ішімдіктен шылымнан,есірткіден аулақ болыңыз.
Бойыңызды ластамай,жан дүниеңізді таза ұстаңыз.Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыз.Өз тағдырыңыз өз қолыңызда.Адам өмірге бір-ак рет келеді,Оны жақсы сүру сіздің қолыңыздан келеді.Өзіңізге сеніңіз.Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай,бойын аулақ сала алады.
Менің сынып жетекшім онлайн режимінде есірткіге қатысты тәрбие сағатын өткізді. Сол кезде есірткінің зиянын ұқтым. Ол әр түрлі ауруларға душар етеді. Адамның ең басты байлығы-ол денсаулығы. Есірткінің денсаулыққа тигезер әсері өте көп. Одан арылудың басты жолы – салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу, әр минутын бағалай білу.
Кез келген оқушы ата-анамен жақын байланыста болуы керек деп ойлаймын. Әр ата-ана баласының сабағын жақсы оқуын қадағалау керек, ұялы телефонмен қай сайттарға кіретінінін тексеру қажет.
Ең соңында ата-аналардың наркологиялық патологияның ұрпаққа әсері бар.
Жас дос! Біз өз өзімізді құрметтеуіміз керекпіз! Бойыңыздағы жақсы қасиеттерді тек жақсылыққа бағыттай біліңіздер! Бойыңызды зиянды әдеттерден, ішімдіктен, темекіден, есірткіден аулақ ұстаңыз!
Сонымен қорытындылай келе, нашақорлық-қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы жетпейді. Сіздер мен біздер болып бірге ат салысуымыз керек!
#УПНДПКЗО

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылы
Тұрғанбек Райымбек Мұханбетұлы
№148 қазақ орта мектебі, 8 «В» сынып оқушысы
21 қаңтар 2021 ж. 949 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930