Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
«Дені саудың жаны сау» деп халқым бекер айтпаған. Бірақ өкінішке орай қазіргі таңда темекі, есірткі, ішімдік деген басым орын алуда. Бұл жақсы нәрсе емес, бүгінгі таңда адамдар, әсіресе жасөспірімдер бейкүнә жастар осылардың құрығына түсіп қалып, одан қайта шыға алмай дүниеден өтіп жатқанын күнде көріп, естіп отырмыз. Ішімдік ішіп, есірткі заттарын пайдалану бос уақытты тиімді өткізу деп ойласа керек адамдар. Бірақ, мен бұған мүлде келіспеймін, себебі есірткінің зияны соншалықты оны бір пайдаланып көрген адам қоя алмайды, оның соңы өліммен аяқталады, жаман ауруға шалдығады.
Есірткі қолданудың себептеріне есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу, қызығушылықтың туындауына көбінесе айналасындағылар мен бұқаралық ақпараттар себеп болады деп ойлаймын. Отбасы мүшелерінің бірі ішімдік ішуі немесе есірткі қолданудың себептерінің бірі болып табылады.
Есірткі қолданудың себептеріне есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу, қызығушылықтың туындауына көбінесе айналасындағылар мен бұқаралық ақпараттар себеп болады деп ойлаймын. Отбасы мүшелерінің бірі ішімдік ішуі немесе есірткі қолданудың себептерінің бірі болып табылады.
Есірткіге тәуелді адамдардың мінез-құлқын қалпына келтіру үшін психологиялық тұрғыдан әңгіме жүргізген дұрыс секілді. Кез келген мектептерде немесе жоғары оқу орындарда есірткіге байланысты көптеп түсіндірме жұмыстары жүргізілсе өте жақсы болар еді.
Есірткі қолданатындардың өмірі ұзаққа бармайды, себебі олардың денелерін улап тастайды да, ең соңында мидың және тыныс алу орталығы тоқтайды.
Көптеген жасөспірімдер нашақорлықты ауыр, емделуі қиын індет екенін түсіне бермейді. Өтпелі кезеңде болғандықтан жасөспірімдер, олардың немен әуестенетіндігіне, достарының арасында ішімдік, темекі, есірткімен айналыспайтындығына көңіл бөліп, мінез-құлқы өзгерсе соған мән беріп бақылауда ұстауда керек.
Жасөспірімдер арасында спорттық сайыстар көп ұйымдастырылса, зиянды заттардан аулақ болуға тырысады.
Айтқым келгені, «денсаулық-зор байлық» демекші ойланайық, болашақ тағдыр өз қолымызда, уақытылы пайдалы тағамдар жеп, спортпен айналысайық, басқаларға үлгі болайық!
Достар, болашағымыз жарқын болсын десек, денсаулығымыз мықты болып, сауатты білім жолын таңдайық!
#УПНДПКЗО
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Тұрсын Бағдат Мейрамұлы
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі, 9 «В» сынып оқушысы
Тұрсын Бағдат Мейрамұлы
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі, 9 «В» сынып оқушысы