Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...

Есірткі деп аталатын тажалмен күрес - біздің еліміз ғана емес, бүкіл әлемді жайлаған мәселе. Оған қарсы күресте еліміз аянып қалып жатқан жоқ. Қазақстан есірткіге қарсы күрес жүргізуде мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда. Жасты да, кәріні де жалмаған бұл кеселмен күреске құқық қорғау ұйымдары білек түре кірісті.
Қазақ елінің салауатты жастары - мықты мемлекеттің болашағы!
Біз – Қызылорда жастары, біз басқа елдермен терезесі тең және кемелденген елде өмір сүргіміз келеді!
Елбасының нашақорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі саясатын толық қолдай отырып, біз Қазақстанның бүкіл жастарына үндеу жариялаймыз!
Есірткімен күрес жүргізуде біз:
– Нашақорлық атты әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дертімен күресті күшейтуді;
– ел болып бірігіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруды;
– Елдігімізді мәңгілік сақтап қалу үшін, зиянды әдеттерден аулақ болып, есірткінің еліткеніне ермей, адамдық қалпымыздан айнымауды;
– Тәуелділіктің құрығына түспей, жарқын болашағымызды, жарқын етіп, өмірімізді нұрлы етуді қолдаймыз!
Қазақстанда жыл сайын нашақорлықпен ауыратын адамдардың саны артуына алаңдауымыз керек. Есірткіге әуестену – жарымес, мүгедек, аурушаң балаларды өмірге әкелу, болашаққа балта шабумен тең.
Есірткі таратушылар тіпті мектеп оқушсына алғашқы мөлшерді тегін беріп, қызықтыруы айуандық деп есептейміз.
Елімізде есірткі заттарды қолданып, есіріп қылмыс жасағандар саны өспеуі үшін дабыл қағып, есірткіге қарсы күресте заңды күшейтетін кез келді.
Зиянды заттардың өз денсау­лығымызға, өмірімізге, отбасымызға, ата-анамызға, бүкіл қоғамға кесірін тигізетінін саналы түрде сезінейік. Болашағымызға балта шауып, әзәзілдің тұтануына, шарпыған қызыл оттай елімізді жайлауына, шала жанған ормандай қара түтінге бықсуына жол бермейік.
Біздің әрқайсысымыз күнделікті өмірде нашақорлық көріністеріне қарсы тұра білуіміз керек!
Біз еліміздің жастарын:
– нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жалпыұлттық қозғалысының өзегі болуға;
– есірткіге қарсы халықаралық қозғалысты қолдауға;
– салауатты Қазақстанның мықты негіздерін нығайтуға бар күш-жігерін салуға шақырамыз!
Біз – Қызылорда жастары, айтарымыз, «нашақорыққа жол жоқ!»
#есірткігеқарсы
#противнаркотиков

Ақерке Жапбарбек,
Шиелі ауданы, №50 мектептің оқушысы
25 қаңтар 2022 ж. 1 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031