Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Есірткісіз өмір - ғажайып!»

«Есірткісіз өмір - ғажайып!»

Нашақорлық – қоғамдағы індет. Есірткінің адам өмірін жалмап, тағдырын тас-талқан ететін қасірет екенін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, оған қарсы күрес жүргізу – баршамыздың міндетіміз. Еліміздің болашағы осы бастан біздің қолымызда. Осыған қарсы тұруымыз қажет.
«Денсаулық-зор байлық», «Дені саудың жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Өкінішке қарай адамзатпен ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі», «есірткі» бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп,дүние салып,талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да елімізде салауатты дабыл қағып,әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты. Денсаулықтың жақсы деңгейіне жету және жайлы болуына жету-бұл нақты өмірлік ұстаным мен тәртіптен тұратын үзіліссіз үдеріс.Денсаулық- бақытты болудың алғы шарты.Адамдар кездескен шақта әуелі бір-бірінен денсаулығы туралы сұрайды және денінің саулығына тілек білдіреді. Бұл-шын мәнінде адам бақытының бастауы. Ішімдік ішу,есірткі заттарды қолдану,темекі шегу бос уақытын тиімді өткізуге, белсенділік танытуына,дұрыстап тамақтануына және салауатты өмір салтының басқа да жақтарына әсерін тигізеді. Зиянды әдеттер көптеген аурулардың пайда болуына, адам денсаулығына орасан зор зиянкестік әкелетін факторлар болып табылады.Біздің елімізде балалар мен жастар арасында ішімдік ішу,темекі шегу,есірткі заттарды қолданудың өршуі көкейкесті мәселе болып тұр.
Неге адамдар есірткі қабылдайды? Менің ойымша, есірткі арқылы адамдар бүгінгі басындағы мәселесінен арыламын деп ойлайды, бұл бірте-бірте олардың қорқынышты зянкеске тәуелді болуына әкеледі. Менің ойымша, нашақорлар – болашағы жоқ адамдар, олар тек есірткі туралы ойлайды, ал есірткі миын, өкпесін, бауырын бұзады, барлық қалтасындағы қаражатын есірткіге жұмсайды. Көптеген жасөспірімдер есірткіні тек бір рет байқап көремін деп ойлап, оған тәуелді болып қалады. Есірткімен күресу есірткіге тәуелді организм үшін ерекше қиынға түседі. Нашақорлар тек өз өмірі мен денсаулығын құртуға ғана емес, олар кез келген қылмысқа, тіпті өлтіруге дейін қабілетті. Менің ойымша, біздің қоғам осы қорқынышты зұлымдықпен қатаң күрес жүргізуі тиіс. Біздің елде және шетелде нашақорлықты емдеумен айналысатын көптеген медициналық орталықтар құрылған. Тіпті мектебіміздің өзінде есірткіге қарсы бұрыштар, денсаулық бұрыштары бар. Сынып жетекшімізде сынып сағатында үнемі айтып отырады.Осының бәрі жадымызда үнемі сақтаулы болады. Есірткісіз өімір сондай ғажап, тамаша болар еді. Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп ерекше атап өткен Есірткіден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанайық! Өмірді тамаша етейік. Жаңа шырайлы ғажайыпқа толы өмір құрайық! Есірткісіз өмір - ғажап!

Рахметова Дильназ Маратқызы
№252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы

#Есірткегеқарсыбайқауға

28 қазан 2021 ж. 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930