Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Есірткісіз өмір - ғажайып!»

«Есірткісіз өмір - ғажайып!»


Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығы -ның мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз. Қоғамымызда есірткілік заттарға және оның бизнесіне қарсы күрес күшейіп осындай қылмыстардың алдын-алу жолдары қатаң түрде қарастырылса екен деймін.
Елімізде ең көп етек алып жатқан мәселе, ол - нашақорлық.Ол біздің мемлекетіміздің проблемасы ғана емес, дүниежүзілік проблемаға айналды. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп жатқаны ешкімге жасырын емес. Адам оған тәуелділікке түскен соң, кез-келген қылмысқа дайын тұрады. Әсіресе, жастарымыз есірткінің дәмін татамын деп, соңынан оның азабын тартып жатады.Осының салдарынан санасы уланып, болашағына балта шабылатындары қаншама? Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Қазақстан- демократиялық-құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның қазынасы- адам және адам өмірі. « Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен әл-ауқатын жақсарту үлкен міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.Өмірің жарқын, болашағың зор болсын десең, Еліңнің жұлдызы болам десең денсаулығыңды сақта!
Дені сау ұрпақ болу үшін:
1 Спортпен айналысу керек
2. Салауатты өмір салтын ұстану
3. Дұрыс дәруменді тағамдармен тамақтану
4. Жеке бас тазалығын сақтау
5. Өзін-өзін сыйлау таза ауада болу
Осы ұстанымдарды үнемі ұстап, салауатты өмір салтын ұстанып жүрсек қандай тамаша!

Сондықтан да өмірлеріміздегі ең жарқын жастық шақтарыңда дендеріңнің саулығына бүгіннен бастап қамқор жасаңдар. Жастық шақтың тамырына балта шабылмасын.
Өзіміздің өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті есірткі сияқты зиянды заттарға әуес болмайық. ХХІ ғасырдың азаматтары ғаламдық дертке жол бермейік. Ертеңгі жарқын болашақ біздің қолымызда. Біздің болашақ өміріміздің жалғасы, тірегі біздер, бізден кейінгі бауырлар! Қазақстанның дені сау, парасатты, мәдениетті, сауатты еңбекқор адал ұлдары мен қыздары болып өс берейік.Мектебімізді аяқтап жақсы бір жоғары оқу орнына түсіп, мықты бір мамандық иесі болу міне біздің басты мақсатымыз осы. Мектеп бітіруге әлі бірнеше жыл бар болсада қимайстық сезім осы бастан бар. Себебі ұстаздарымыз үнемі дұрыс жолда жүруімізді қадағалап отырады. Үнемі осындай тақырыптарда сынып сағаттары өтіліп отырады. Деніңнің сау болғаны өзіне қандай жақсы.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен »- деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік!Әрбір адам өзінің болашағын өзі жасайды. Сондықтан достар, есірткі сынды зиянды заттан аулақ жүрейік. Нашақорлармен күресейік! Есірткі жоқ болса, өмір қандай ғажайып болар еді.

Динара Шатланбекова
№252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы
# Есірткеге қарсы байқауға.

28 қазан 2021 ж. 494 0