Есірткісіз өмір ғажайып!
Адам денсаулығы-қоғам байлығы.Әрбір адам өз денсаулығының мықты болуын қалайды. Дені сау адамның еңбекке деген құлшынысы керемет болады.Алайда денсаулығын ойламайтын адамдар жетерлік. Осы орайда есірткінің адам денсаулығына зияны туралы айтып өтейін.Мысалы: адам өмірі көлік секілді.Қатты жүріп бара жатқан көліктің сені қай жерден тастап кететіні белгісіз.Сондықтан есірткінің зардабы неге апаратынын көбісі біле бермейді.
Нашақорлық-адамның қас жауы.Қазіргі кезде дүниежүзілік індет болып тұр.Бір елітсең одан шығу қиын.Себебі,ол адамды өзіне тәуелді етеді.Оның соңы өліммен аяқталары сөзсіз.Көбіне есірткі затты қолданатындар- өрімдей жас балалар. Біріншіден,олар өз-өздеріне есеп бере алмайды.Өмірдің не екенін толық түсініп біле бермейді.Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліткіш, тез бейімделгіш болады.Адам болған соң әр адамның өзіне тән қызығушылықтары болады.Сол қызығушылықтан бір күндік ләззатқа батып, «шоқ басқанын» өзі де білмей,түсінбей қалып қателік жасайды. Қолданбаса ұйқысы бұзылады.Сөйтіп бара-бара тек ауырмау үшін іздейтін болады.Бұл нашақорлық еліміздің дамуына кедергі келтіретін зат. Халқымыз «Дені саудың-жаны сау»деп орынды айтқан. Басты байлығымыздың дұрыс болуы үшін белсенді өмірдің маңызы зор. Еліміздің өркендеп,күш-қуаты артып,халқымыздың әл-қуатының жақсаруы үшін оған дені сау,білімді,мәдениетті ұрпақ керек.
Мен жас ұланмын!Мен Қазақстанның болашағымын!Өз болашағымыздың жарқын болу үшін білім ала отырып,сананы жат нәрселерден аулақ ұстап,салауатты өмір салтын ұстанып «Қазақстанның болашағын бірге құрайық,достарым!
Шиелі ауданы,№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебінің 8 «А»сынып оқушысы Раушанбекова Назерке