Мен саған есірткі жайлы айтып беремін !
«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жаряланған сайысына»
Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние.адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі оның денсаулығы Денсаулық-ол адам бостандығы Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты осыдан үкім шығаруға болады, адамның ең үлкен қателігі болар еді өзінің денсаулығын өз қолымен бұзылса. Өз қолымен денсаулығын бұзу дегеніміз шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық, есірткі және тағы басқа.Қазіргі кезде есірткіге тәуелді адамдар күн санап көбейіп жатыр. Бір шырмалған жанның одан құтылуы оңайға соқпайды. Біреу қызық көріп, біреу байқаусыз барады, енді біреу өзгелердің ықпалымен барады.Нашақорлық-адамзаттың ең үлкен қасіреті. Нашақорлықтан сақтанудың бір ақ жолы бар, ол- ешқашан есірткі пайдаланбау. Нашақорлықтың кең тарайтын орны ол- адамның өз ортасы. Мәселен, топ ішінде біреуі есірткі қолданған болса уақыт келе топтың барлық мүшелері есірткі қолданатын болады. Абай атамыздан адам мәселесіне қатысты айтылмаған сөз қалмағандай «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын». Есірткінің тұзағына түсетіндер де көбіне өмірде алға қойған мақсаты жоқ, ештеңеге қызықпайтын еріккен адамдар арасында көптеп кездеседі. Рухани саулық әлсіреген сайын, адам өзінің адами қасиеттерінен алшақтай береді. Өйткені, мұндай адамның бар ойлағаны - тән құмарын қанағаттандыру. Осындай сана сезім адамды көп ретте ішімдікке, есірткіге, зинақорлыққа, құмар ойындарына бастайды. Тән құмарын қанағаттандыруды ғана көксеп тұратын жанды ғылымға, спортқа, мәдени іс- шараларға, имандылыққа қызықтыру тіптен қиын. Бір өкініштісі, қазіргі заманғы жастардың ойы «жеке бастың рақаты». Нашақор адамдардың жыл өткен сайын арта түсуіне себеп болып келетін ой осы. Рухани жағынан бай, иманды адам оған бармайды. Нашақорлық - Рухани азғындаудың белгісі. Қазіргі уақытта әлемде адамдардың есірткі қолданып көрген біршама жетерліктей. Олардың көбісі «жастар» деп саналады. Жастардың ойында «жұрттың бәрі қолданады, мен де дәмін тәтіп көрейін, дәмін тәтіп көрейін зияны жоққой». Бұлар мүлдем бос сөздер өйткені, барлық есірткі түрлері адам ағзасына аса қауіпті.Есірткіге тәуелді болу бір-екі қолданғаннан-ақ басталады.Адам есірткіге тәуелді болғаннаң бастап өмірі құрдымға айналады. Есірткіден тыйылу мерзімі ұзарған сайын адамды есірткі дағдырысы пайда болады. Мұндай кезде бір дозалық есірткі үшін адам ұрлық, тонау, адам өлтіру секілді ауыр қылмысқа барады.Оларға есірткінің түкке тұрмайтын мөлшері үшін адам өлтіру қиын емес. Есірткінің кең қанат жайып таралуы қылмыстың көбеюіне ықпал етіп отыр. Есірткінің құдіреті сонда адамның психикасын құрту жан дүниесін түгел баурап алу. Есірткіге құмар болудан адам қалай құтылады және онымен қалай күреседі. Медицина атасы саналатын Гиппократ айтқандай «төтенше ауруларға төтенше ем қажет». Олай болса, нашақорлық секілді қасіреттен бір ғана медицина күшімен емдей алмаймыз. Бұған тұтас қоғам көмектесу қажет. Адам өзі қаласа кез-келген кедергіге қарсы тұра алады. Бұл сенін өмірін, және ол әр минут сайын қысқарып келеді. Сондай-ақ қазақ халқы әкеге қарап қарсы сөз айту былай тұрсын, көзіне тіке қарай алмаған. Өткенді білмей, бүгінді танып, болашақты болжай алмайсың дейді. Қазақ халқында әрі батыл, өткір де тапқыр, қажырлы да қайратты әкелеріміз көп болған. "Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз. Жақсыдан жаман туады, бір кесе асқа алғысыз",- дегендей қазіргі ғасыр індеті ұлт арына жағылған қара күйедей болып та кетті. Тоқсан ауыз сөздің толықтай түйінін айтар болсақ қоғамдағы келеңсіздіктердің көбеюіне тосқауыл болар өзіміз және осы ойымды ақын болмасам да өзімнің жүрегімнен жарып шыққан төмендегі шумақтармен аяқтағым келеді.
Мен саған, қалқам, айтайын
Есірткінің хал-жайын
Тажал ол жұтар басыңды
Ұмыттырар затыңды
Елітіп сені өзіне
Білдірмей алар жаныңды
Болмайтын іске бас ұрып
Қорлама ұлы бағыңды
Дүние қайта келмейді.
Адасқанғаопа бермейді.
Адамдықтан айырып,
Түбі өзіңді жерлейді.
Қаймана қазақ бұзылса,
Еліңе кім пана болады?
Асылдан да ардақты
Отанын қайда қалады?
Құл болсаң жойқын індетке
Ұрпағың түгел тозады.
Ұрпағын түгел тозған соң
Ел болам деген еңселі
Арманың қайда қалады?
Ойланғын,қарғам, ойланғын
Арманың қайда қалады?
#УПНДПКЗО
№46 мектеп-лицей9сынып
оқушысы Кемелбай Санжар.