Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР ҒАЖАЙЫП!

ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР ҒАЖАЙЫП!



Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан                         
жарияланған байқауға
Қоғам байлығы – адам, ал адамның байлығы –денсаулық дейміз. Сол үшін де өмірді  даналық ұшқыр қиялмен бағалайтын ата-бабаларымыз «ақ жаулық» пен «он саулықтан» бұрын денсаулықты дәріптеген. Иә, тал бесіктегі тәрбие адам болашағының негізін қалайды. Бұрынғылар «Ұяда не көрсең ұшқанда соны аласың» секілді нақыл сөзді де тегін айтпаса керек. Кез келген жанның өмірден өз орнын тауып, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайтын, саналы, білімді, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуы отбасында қаланған іргетастың мықтылығымен байланысты. Үйдегі ата мен әже, әке мен ана балаларына бағдаршамдай түзу жолды нұсқап, өзі де іс-әрекетімен үлгі бола білсе, ол отбасыдан есірткіге есі ауып, ішімдікке ілесе кететін жанның шығуы екіталай. Сондықтан отбасы – есірткісіз ғажап өмірге жетелейтін алғашқы қадам дер едім.
Айналамызда жазатайым жағдайға ұшырап, не туа бітті мүмкіндігі шектелген болса да өмірге құштар жандар жетерлік. Олар әр сәтін пайдалы өткізгісі келеді, қоғамда белсенді болуды қалайды. Ондай кісілерге қарайсың да сүйсінесің. Ал ақыл-ойы түзу, он екі мүшесі сап-сау бола тұра ессіз есірткіге еріп, болашағына өз қолымен балта шауып жүргендер қаншама. Олар нағыз әлсіздер дер едім. Себебі өзіне зиян екенін біле тұра есірткіге тәуелді болу, одан арыла алмау ерік-жігері жоқ, рухы әлсіз, өзіне сенімсіз адамның ғана ісі. Ал рухы биік жан өміріндегі әр жағдайды саралап, сараптап, тек дұрыс жолды таңдайды. Рухы қайсар, ерік-жігері мықты жан ессіз есірткіге жоламайды. Бұл – есірткісіз өмірге апаратын екінші баспалдақ.
«Маған досыңды көрсет, мен саған сенің кім екеніңді айтайын» дейді даналар. Кез келген адамға араласатын ортасы әсер етпей қоймайды. Кіл үздік оқушының арасына бір үлгерімі төмен оқушы тап бола қалса, уақыт өте келе әлгі нашар оқитын бала да айналасындағыларға ілесіп сабаққа қызығушылығы артады. Дәл солай бұзақылармен жиі уақыт өткізетін тәртіпті жігіттің бір күні қылмыс жасауы ғажап емес. Сол секілді есірткіге әуестік те жанындағы жолдастарына еріп, бір рет көрсем ештеңе етпес деген қызығушылықтан пайда болатын дүние. Сондықтан әр адам дос таңдауда мұқият болуы керек. Әсіресе мектеп бітіріп, оқу орнына түсіп, жаңа ортаға барған кезде жаман әдетке құмар жандардан алыс жүрген абзал. Мұны мен үйдегі үлкендерден жиі естимін. Қысқасы есті дос – есірткісіз еркін өмірге бастайтын үштікке кіреді.
Есірткі – тез тарайтын, бірақ одан арылу қиынға түсетін қатерлі індет. Мен әлі 14 жастамын. Болашақта ата-анамның үмітін ақтап, оқығым, армандағым, жетістікке жеткім келеді. Келешекке қорқынышсыз қарап, көшеде үрейсіз жүріп, жарқын әлемде өмір сүруді қалаймын. 
Есірткі – зұлым! Әрбір саналы адам мұны біледі. Ең бастысы, дер кезінде «жоқ» деп айту.
Мен салауатты өмірді қалаймын! «Есірткісіз өмір ғажайып!».
Саттыбай Ислам Әлібиұлы,
Шиелі ауданы, Ақмая ауылы,
    №49 орта мектептің 8 сынып оқушысы
#Есірткігеқарсыбайқауы
24 қазан 2021 ж. 625 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 42

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031