Мен саған есірткі туралы айтып беремін
Қоғамдағы ащы да болса шындық, бүгінгі таңда есірткіге елірген жандар көп. Олар ол заттың зиянын білсе де, неге ондай жаман жолға, қиын қыстау кезеңге өтті деген ой келеді кейде маған. Әрине, мен барлығына бірдей топырақ шашпаймын. Асқақ арман мен биік мақсатты тасада қалдырып, зиянды заттың етегіне еріп, әуестеніп, тіпті ар санамай кетуге не себеп болды екен? Ата-ананың үкілеген үміті, білім нәрімен сусындатқан ұстаздың сенімі қайда қалды сонда? Бір рет қателессе де, өмірбақи сол жолмен жүруі керек пе? Міне, осы сұрақтар санамды сан саққа жүргізіп, толғандырған мәселенің жауабын іздемекке, біраз зерттеу жүргіздім, іздендім, оқыдым. Нәтижесінде таңырқадым, таңқалдым, мұңайдым, тіпті көзіме еріксіз жас келді, ең бастысы өзіме азық болар, өзіме деймін ау, келешек ұрпағыма сабақ болар керемет ой түйдім. Ендеше тақырыпты толығырақ тарқатып көрейін.
Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның еңбекке әрқашан құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз. Яғни зиянды заттарға қарсы күрес, денсаулықты нығайту әрбір жанның міндеті. Статискаға сүйенсек, жүздеген ел осы бір тамырын кеңге жайған, құлашын кермеген дертпен күресуде.
Қазіргі кезде көзге көрінбей қоғамға бірте-бірте еніп, ішінен бүлдіріп жатқан аурудың бірі - ол жас буынның есірткінің құрбаны болуы. Есірткінің зияны мен зардаптары қанша айтылып, жазылып жүрсе де, оны қолданушылар саны азаяр емес. Нашақорлыққа салыну – мыңдаған жалынды жастардың жалынын су сепкендей басатыны рас. Тіпті қазіргі таңда киноиндустриясында да ашық түрде көрсетіп жүр. Бұл дегеніміз аталған мәселе ушығып тұр деген сөз. Сол себепті шешімін таппаған осы бір жайтқа тоқтау салған жөн. Ол үшін көбірек үгіт-насихат жүргізуіміз керек. Жас болсам да, күрмеуі шешілмеген осы бір мәселе мені алаңдатады. Есірткіге қарсы күрес ел ертеңі үшін аса маңызды, қажетті.

Төребек Альфия Сәбитқызы,
№10 Білім инновация лицей интернатының 10 б сынып оқушысы, Қызылорда қаласы Түрік лицейі

#УПНДПКЗО