Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Берік отбасы – есірткіден алыс!

Берік отбасы – есірткіден алыс!



 

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ
тарапынан жарияланған сайысына
         Шаңырақтың шаттығы, отбасының татулығы Тәуелсіз қазақ елінің өсіп-өркендеуі жолында өте маңызды. Себебі отбасы кішігірім Отан. Онда өсіп-өнген әрбір ұрпақ ел болашағының ертеңі. Ал «жас шыбықты қалай исең, ол солай бой түзейді» дейді дана халқымыз. Расында, ұл өскен үйдің әкесі, қыз өскен үйдің анасы сыналады емес пе?
         Менің отбасымда ұл да, қыз да бар. Ата-ана ретінде мен өз ұрпағыма дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстануға тырысамын. Бұл күнде қаншама шаңырақтың ортасы шайқалып, жазықсыз сәбилер жетім күйін кешіп жүр. Өз үйін тастап, өзгенің бақыты үшін жаңа табалдырық аттаған қаракөз қарындастарымыз ішімдікке сылқия тойып, есірткіге еліткен еркектердің құрбанына айналуда. Берекелі, тату-тәтті шаңырақты шірітетін нашақорлық дерті елімізде осылай дендеп барады.
Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Бүгінде дүние жүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздеуде. Елімізде де нашақорлықпен күрес кешенді түрде жүргізілуде. Нашақорлық – әлеуметке ортақ мәселе, қоғам дерті. Жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмаған ауру. Ал сіздер білесіздер ме? Есірткіге қарсы күрес 100 жылдан астам уақытқа созылған, айықпас дертке айналып барады. Оның жолын кесіп, ескірткіні түбегейлі жою үшін ең әуелі сіз бен біз бас тартып, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін атсалысуымыз қажет. Сонда ғана бүкіл әлемге жайылған пандемия секілденген нашақорлықты түп-тамырымен қопаруға болады.
         Бұл ғасыр дертінің кең таралуын, жастардың есірткінің боданына түспеуінің алдын алуда ширақ әрі жүйелі шаралар қабылдануы тиіс. Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресте болашақта жақсы нәтижеге жету үшін, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналығының негізінде, ең алдымен нашақорлыққа қарсы қоғамдық корғаныс қабілетін, әлеуметтік иммунитетті қалыптастырудың маңызы зор. «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген ата-баба сөзінің астарын ұғынып, жас буынның жарқын болашағы үшін, елдің келешегі үшін бүгіннен алаңдасақ, отбасынан бастап жаман әдеттерден аулақ болуға баулысақ, дені сау ұрпақ қалыптасары анық. Ең бастысы перзенттің міндеті ата-ана үмітін ақтау, лайықты білім алып, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасу болса, ата-ананың мақсаты – қоғамға пайдалы азаматты, жан-жақты, салауатты, сауатты адамды тәрбиелеп шығару.
Асановтар отбасы

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына
09 ақпан 2021 ж. 782 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930