Берік отбасы-есірткіден алыс!
Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ
тарапынан жарияланған сайысына
РЫСПАМБЕТОВТЕР ОТБАСЫ
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Берік отбасы-есірткіден алыс!
тарапынан жарияланған сайысына
РЫСПАМБЕТОВТЕР ОТБАСЫ
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Берік отбасы-есірткіден алыс!
Мен өз отбасымды мақтан тұтамын. Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкелетіні белгілі. Ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлап, алға қарай ұмтылады.
Берік отбасы – кез келген жағдаяттан шыға алатын, ауыз біршілігі мол, сыйластығы жарасқан кішкентай мемлекет деп айтар едім. Отбасы жақсы жағынан көріну үшін әрдайым алдына қойған мақсатты жүзеге асыру үшін талпыну керек. Кейбір отбасыларда, ұрыс-керіс көптеп кездеседі. Оның көп себептерінің бірі – зиянды әдеттерге әуестенуден пайда болады. Зиянды әдеттерге: шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі заттарды қолдану болып табылады. Есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді.
Есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат екенін біле тұра, соны кейбір жасөспірімдер есірткінің зиянын ұмытып та кетеді.
Біздің отбасы салауатты өмір салтын ұстанады, зиянды әдеттерден әрдайым аулақ жүреді, дұрыс тамақтану режимін қолданады. Отбасымызда қатал тәртіп кішкентай кезімізден бастап орнаған. Үйдің алдыңғы жағында жаттығу алаңы орналасқан, біз отбасымызбен бірге әр түрлі жаттығулар жасап, бойымызды сергітеміз.
Берік отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Мықты мемлекет болуымыз үшін жанұямызға берік босаға, кең кереге, үлкен терезе, мықты шаңырақ керек.
Барлық отбасындағы ата-аналар балаларына зиянды әдеттерден аулақ бол деп тәлім-тәрбие беріп өсірсе, берік отбасылар саны көбейетін еді.
Берік отбасы – есірткіден алыс болатынына кәміл сенемін. Әр қазақтың отбасының балалары бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде отбасының маңызы зор. Болашақ балаларымызды тәрбиелеп отырған ата-әжелеріміз, ата-аналарымыз неғұрлым иманды болса, жастарымыз соғұрлым ибалы болары анық.
Рыспамбеова Шолпан Ғалымқызы
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына #наконкурсУПДДПКЗО
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына #наконкурсУПДДПКЗО