Берік отбасы-есірткіден алыс!
Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ
тарапынан жарияланған сайысына
ЖҰМАНОВТАР ОТБАСЫ
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылы
Берік отбасы-есірткіден алыс!
Берік отбасы – сыйластық орнаған кішкентай Отан. Бала тәрбиесінде отбасының маңызы өте зор. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көріне қалыптасатыны белгілі. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жеткілікті.
Кез келген отбасы бірге жиналып бас қосқанда әр түрлі мәселелерді талқылайды. Біздің отбасы зиянды әдеттерден аулақ болып жүреді. Жаңалықтардан байқағанымыздай, есірткі санаға, миға әсер ететін заттар екенін білеміз. Есірткі- адам психикасының жағдайын, көңіл-күйін айнала қоршаған әлемді қабылдауын, тәртібін өзгертетін зат екен. Есірткіге еліктеушілікке жетелейтін негізі қызығушылық, кейде тәжірибелі достары себепші болады. Тәбеті болмай, жүдеп кету байқалады. Адам ағзасын улағанмен тең болады.
Қазіргі таңда жас болсын, ересек болсын есірткі жайлы көптеп айтылуда. Есірткімен күрес жайында әр түрлі іс-шаралар өтілуде, ол адамдарды зиянды әдеттерден аулақ болу үшін ұйымдастырылады.
«Денсаулық –зор байлық» деп халқым бекер айтпаған. Әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты. Денсаулықтың жақсы деңгейіне жету үшін спортпен шұғылдану керек. Біз отбасымызбен бірге әрдайым спорт кешеніне барамыз. Спорттың кез келген түрі адамның қан айналымын жақсартып, өмір жасын ұзартады.
Жұмановтар отбасында 4 ұл, 1 қыз бар. Отбасымыздың үлкен қазынасы –ата-әжеміз. Ол кісілер кішкентай кезімізден бастап, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеген. Таң атқаннан кеш батқанға дейін біз отбасымызбен бақшада тыным таппай көкөністер егеміз. Үнемі қимыл қозғалыста боламыз, үйімізге кірген бойда уақытымыз зымырап өткенін байқамай қаламыз.
Берік отбасы – есірткіден алыс болады деген ойдамын. Себебі тамыры тереңге жайылған отбасы үнемі жақсы жағынан көрінуге тырысады. Барлық отбасы – бақытты ғұмыр кешуге лайықты!
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына
#наконкурсУПДДПКЗО
#наконкурсУПДДПКЗО