Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін



#есірткігеқарсы
#противнаркотиков
Демесін жұрт болашағын кеш ұқты,
Жігіт болмай лайлы суды кешіпті.
Жап-жасыл боп жайқалатын ағаштың,
Тамырына нәр бермесін есірткі.
Есірткі  – ол қасіреті ғасырдың ,
Аждаһадай талай жанға бас ұрдың.
Еш аяусыз бұл індетті жоям деп,
Қасіреттен қанша тағдыр аһ ұрды.
Құмарынан ләззат алып пай-пайлай,
Есіреді есірткіде сайтандай.
Соңы қайғы болғаннан соң қанша адам,
Күн кешіп жүр тәубесіне қайталмай.
Бәз баяғы қалыпында хәл тұрмас,
Денсаулық бұл-байлық емес сарқылмас.
Қорқор шегіп рахаттанып жүргенде,
Қор болмасын төрге озатын алтын бас!
    
           Жас достарым, егемен елдің ертеңі-сіз бен біз. Өркениетті елдің жас ұландары –дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын қайратты, шымыр болу керек.
     Елдігімізді мәңгілік сақтап қалу үшін, зиянды әдеттерден аулақ болып, есірткінің арбауына ермей, адамдық қалпымызды сақтайық!  Зиянды заттардың өз денсаулығымызға, өмірімізге, отбасымызға, ата - анамызға, бүкіл қоғамға зардабын тигізетінін саналы түрде сезінейік.
            Ғасыр дертімен күресіп, жарқын өмірге қадам басайық!
             Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,
            Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!
№ 47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп- лицейдің 8 «Ә» сынып оқушысы
Серікханова Аружан Мәлікқызы
24 қаңтар 2022 ж. 476 0