"Есірткі адам өмірін жалмап,тағдырын күл талқан етеді!"
Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі жастар мен жасөспірімдердің есірткіге тәуелді болуы.Бұл тәуелділік жас ұрпақтың өмірін тоздырады.Есірткі кез келген адамды тура жолдан тайдыратын жалғыз нәрсе.
Мен есірткі жайлы әлеуметтік желілерден,ғаламтордан ғана білетін едім.Осы үндеуді жазу барысында есірткі жайында көптеген мағлұмат алдым.
Мен есірткі жайлы әлеуметтік желілерден,ғаламтордан ғана білетін едім.Осы үндеуді жазу барысында есірткі жайында көптеген мағлұмат алдым.
Есірткі құрамына көптеген зиянды заттар кіреді.Бұл зиянды заттар теріс пайдалану-нашақорлыққа жатады.Ғалымдардың айтуынша есірткіге тәуелділік психологиялық, физикалық,әлеуметтік жағдайдың қиындығынан туындайды.Бір рет тұтынған адам тәуелді бола бастайды.Есірткіге тәуелді болудың соңы–ұрыс-керіске алып келеді.Адам баласы тірісінде бағалай алмайтын екі түрлі құндылық бар.Бірі-уақыт болса,бірі-денсаулық.Сондықтан да саулықты барынша дәріптеп,зиянды заттардан аулақ болған дұрыс!Дана халқымыз"Өмірімізді ұзарту да,қысқарту да өз қолымызда "демекші бір-ақ рет берілген өмірімізді құртпай,тағдырымызды мәнді де,сәнді өткізуге тырысу қажет!Нашақорлықтан зардап шеккен тағдырлар қаншама!Бұған себеп–осы үндеудегі деректер.ЕСІРТКІДЕН АУЛАҚ БОЛ!
Шиелі ауданының оқушылар үйі,
Айдарбек Айкөркем,
Шебер қолдар үйірмесінің мүшесі.
Айдарбек Айкөркем,
Шебер қолдар үйірмесінің мүшесі.