Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...
Мен, Ержігітова Ақерке Маратқызы. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы , №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектебінің 10 «Ә» сынып оқушысы.
Бүгінгі таңда еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі -жастардың есірткіге тәуелділігін ескере отырып,барша жастарға үндеу жолдаймын.
Бұл әлемді жайлап бара жатқан нашақорлық дерті, жұқпалы ауруға айналып бара жатқанын білеміз.Осы ауруға Қазақстан халқы да шалдығып жатыр.Есірткіні қолданушылардың басым бөлігі негізінен мектеп оқушылары болып келеді.Олардың көбісі бір рет көргеннен ештеңе болмайды ғой деп ойлап ,соңында өздерінің қалай тәуелді болып қалғандығын сезбей қалады.Міне,осыны есірткіге «тәуелділік» деп атаймыз.Есірткі ол-адамды санасынан айырып қана қоймай сол затқа тәуелді қылады,яғни,отарға айналдыру болып табылады.
Есірткі әсерінен мемлекет ішінде түрлі қылмыстар орын алады,яғни зорлық-зомбылық,суицид,адам өлтіру және т.б. жатады.Осы заттардың барлығын ескере отырып барша қазақ елінің жастарына былай дегім келеді.Бұл есірткіге алданбай өз денсаулығымызды ойлап есірткіні жоюға шақырамын!
Есірткіні 2023 жылға дейін толықтай жойып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын.Өміріміз өз қолымызда соны дұрыс пайдалана білейік!
#есірткігеқарсы, #противнаркотиков
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы № 244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің 10 «Ә» сынып оқушысы
Ержігітова Ақерке
Ержігітова Ақерке