Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

Қызылорда ОПД ЕҚКІҚБ БАЙҚАУҒА

Қазіргі таңда елімізде көптеп көтеріліп жатқан мәселелердің бірі-есірткі!
Жас кезде білместікпен шұғылданар,
Салауатты өмірдің шырқын алар.
Кім білсін болашақта не боларын?!
Зардабы енді оларды сілкіп алар.
Түтінін бұрқыратып бала шығар,
Қызығып сол түтінге есі шығар.
Темекіні алуға ақша таппай,
Ұрлыққа кірісуге енді шығар.
Құмартып алкоголь мен есірткіге,
Рөл ойнап өмірінде ол есіпті ме?
«Соңғы рет» деген сөзді жаттап алған,
Бұл зияндар көкейлерін тесіпті ме?
Есірткі тұтыну адам баласының өмірін жәймендеп қысқартады.Адам организміндегі басқарып отырған жасушаларды өлтіріп, пассивті жағына алып келеді. Түрлі ауруларға шалдықтырады.Қазіргі таңда жас жеткіншектеріміз тиым салынған нәрселерді пайдалануға көптеп құмартады. Олардың ойларынша бұл есейгендіктің белгісі.
Әрине, бұл алдамшы пікір!!! Бұл әлемді жайлап бара жатқан нашақорлық дерті, жұқпалы ауруға айналып бара жатқанын білеміз.Осы ауруға Қазақстан халқы да шалдығып жатыр.Есірткіні қолданушылардың басым бөлігі негізінен мектеп оқушылары болып келеді.Олардың көбісі бір рет көргеннен ештеңе болмайды ғой деп ойлап ,соңында өздерінің қалай тәуелді болып қалғандығын сезбей қалады.Міне,осыны есірткіге «тәуелділік» деп атаймыз.Есірткі ол-адамды санасынан айырып қана қоймай сол затқа тәуелді қылады,яғни,отарға айналдыру болып табылады.
Барша қазақ елінің жастарына -есірткіге алданбай өз денсаулығымызды ойлап есірткіні жоюға шақырамын! Кереметтей балалық шағыңды болмашы өміріне зиян келтіретін әдеттерге баулып, жарық етіп жанардай болып тұрған жерінен бұлыңғыр еткен жастарымызға “Ойлан!” дегім келеді. Салауатты өмір салтын ұстанарлық! Қаймағы бүтін қазақ дейтін халықпыз! Болашағың бақытқа оранып, арманың асқақ болсын десең,зиянды әдеттерден аулақ болу достарыңа да талап қоя біл! Бұл сіздің өз өміріңізге деген, досыңызға деген адал ниетіңіз деп түсініңіз! Есірткіні 2023 жылға дейін толықтай жойып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын.Өміріміз өз қолымызда соны дұрыс пайдалана білейік! Есірткісіз өміріміз ғажайып екенін естен шығармайық!


Қызылорда облысы, Шиелі ауданы № 244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің 11 «Ә» сынып оқушысы Нұртай Аяулым
#есірткігеқарсыбайқауы
#антинаркотическийконкурс
01 қараша 2022 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031