Мен есірткі жайлы айтып беремін...
Құрметті жас достар! Қазіргі таңда елімізде көптеп көтеріліп жатқан мәселелердің бірі-есірткі!
Жас кезде білместікпен шұғылданар,
Салауатты өмірдің шырқын алар.
Кім білсін болашақта не боларын?!
Зардабы енді оларды сілкіп алар.
Түтінін бұрқыратып бала шығар,
Қызығып сол түтінге есі шығар.
Темекіні алуға ақша таппай,
Ұрлыққа кірісуге енді шығар.
Құмартып алкоголь мен есірткіге,
Рөл ойнап өмірінде ол есіпті ме?
«Соңғы рет» деген сөзді жаттап алған,
Бұл зияндар көкейлерін тесіпті ме?
Есірткі тұтыну адам баласының өмірін жәймендеп қысқартады. Адам организміндегі басқарып отырған жасушаларды өлтіріп, пассивті жағына алып келеді. Түрлі ауруларға шалдықтырады.Қазіргі таңда жас жеткіншектеріміз тиым салынған нәрселерді пайдалануға көптеп құмартады. Олардың ойларынша бұл есейгендіктің белгісі.
Әрине, бұл алдамшы пікір!!!
Не пайда есірткіні пайдаланып,
Қатынасты достарымен жойғаны анық.
Адамды адам емес хайуан етер,
Қылмыскер боп шыққаны жайдан анық.
Есін білмей жүреді олар дел-сал болып,
Ұрпақтары туылады содан кемтар болып.
Кереметтей балалық шағыңды болмашы, өміріне зиян келтіретін әдеттерге баулып, жарық етіп жанардай болып тұрған жерінен бұлыңғыр еткен жастарымызға “Ойлан!” дегім келеді.
Салауатты өмір салтын ұстанарлық! Қаймағы бүтін қазақ дейтін халықпыз! Болашағың бақытқа оранып, арманың асқақ болсын десең,зиянды әдеттерден аулақ болу достарыңа да талап қоя біл!
Бұл сіздің өз өміріңізге деген, досыңызға деген адал ниетіңіз деп түсініңіз! Мен саған осы үндеуімнен кейін үлкен үміт артамын!
Мен саған сенемін жас дос!
#есірткігеқарсы, #противнаркотиков
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы № 244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің 10 «Ә» сынып оқушысы Нұртай Аяулым