Есірткісіз өмір ғажайып!
«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»
Есірткісіз өмір ғажап. Көптеген ересек адамдар, жас жеткіншектер осы есірткінің кесірінен зиян шегіп,болашағынан айырылуда. Бұл затты адамдар қызық көріп қолданады да бас тарта алмай қалады және өз өмірін улайды. Есірткі сатқан адамға және сатып алған адамға да сот жүзінде іс қозғалады.Бұған дәлел интернет желісіндегі «Шекер» сериалы. Бұл сериалда есірткінің қаншалықты зиян екендігі көрсетіледі.
Есірткі қолданған адамдар ауруға шалдығып, дүниеден өтіп жатады және ұрпақтарының денсаулығы болмайды.
Нашақорлыққа көбінесе, жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүрген адамдар көбейіп барады. Нашақор қаражатты ұрлықпен табуды көздейді, ал ұрлық жазасыз болмайды. Бара-бара жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады. Есірткіні түнгі клубтарда би алаңдарында, тіпті базарда да сатып алуға болады. Бұрын жасөспірімдер анаша, марихуана шегіп, әр түрлі желімдер иіскейтін болса,қазір героин,какоин, синтетикалық есірткілерді қолданады.Ал синтетикалық есірткінің ерекшелігі сол, бір дәмін татқаннан кейін есі ауады да тұрады. Бір пайдалансаң жайың жай табады, керемет күйге түсесің деп алдайды. Аз уақытқа болса да ләззат алғанына мәз болам деп, нашақор сатына қосылғанын білмей қалады.
Есірткінің түкке пайдасы жоқ. Себебі бұл денсаулыққа зиян . Есірткі алудың орнына дәмді тамақ , сәнді киім алуға болады. Егер біздің қоғамда бұл заттар атымен жоғалса , біздің қоғам 100 есе дамып, ғалымдар шығып, барлық жас өспірімдерсалауатты өмір салтын ұстанар еді. Бос уақытты тиімді пайдаланып, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу өз қолымызда жас дос! Қоғамға пайдалы азамат боламыз десек– есірткіге әуестенбе!
Есірткіге жоламайық жас достар!
Есірткісіз өмір ғажайып!
#есірткігеқарсыбайқауы
#антинаркотическийконкурс
Шиелі ауданы
№152 орта мектеп
Құрманаев Диас
10 сынып