Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Есірткісіз өмір ғажайып»

«Есірткісіз өмір ғажайып»

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ
тарапынан жарияланған байқауға»

− Аслан, жаттығуды дұрыстап істе!
− Аяулым сен, неге жасамай тұрсың?!
Денешынықтыру пәнінен беретін мұғалімнің даусы өктем шықты. Балалардың жаттығу жасауға ынтасы жоғын аңғарса керек. Бәрімізді қасына шақырды. Жайғасқан соң саламатты өмір туралы әңгімелестік. «Балалар денешынықтыру сабағынан бөлек үйде күнделікті жаттығу жасау, денсаулықты күту маңызды» деп бастады әңгімесін мұғалім. 
Күнделікті әлеуметтік желі арқылы тек пайдалы ақпарат алуға шақырды. Себебі ғаламтор арқылы есірткінің құрығына түсіп қалу қауіпі басым екен. Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Есірткінің құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштан-дыратын, сергітетін заттар да бар. Мұғалім оның апиын, морфин, героин, кокаин, кадинин, анхалим левини секілді түрлері барын айтты. Нашақорлыққа көбінесе, біз секілді жасөспірімдер шалдығады екен. Бөтен адамға тес сенім білдіріп, алданып қалатындар да солар. Бастапқыда тегін берсе кейін қымбатқа сатып жастарды ұрлыққа итермелейді. Бара-бара жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады. Ағайды ұйып тыңдап отырғанымызда, Мирас, ағай, ол біздің ауылда шоқ шығар? деп сұрақты төтесінен қойды. 
− Балалар, қазір синтетикалық есірткілер де көбейді. Ол жасырын сатылады. Біздің ауылда да оны жасырын сатып жүргендер болуы мүмкін. Немесе қаладан сендермен әлеуметтік желі арқылы байланысып алдауы әбден мүмкін. Синтетикалық есірткінің ерекшелігі бір дәмін татқаннан кейін есі ауады. Қайта пайдалануға асығады. Бір пайдалансаң болды бәрі керемет деп алдап соғады. Нашақорлықтың адам өміріне тигізер зиянын білесіңдер, сақ жүріңдер. Есіртке бұзақылық жасау, жақындарыңа қорлық көрсетуге итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргенін ұмытады. Әлеуметтік желіде абай болыңдар!, − деді мұғалім. 
Ұйып тыңдап біз біраз мағлұмат алдық. Денсаулықты күтуге, бақытты өмір сүруге қызықтық. Достарым «баскетбол ойнайық!» деп ұсыныс тастады. Ағай да келісті. Бәріміз алаңға қайта шықтық. Біз есірткісіз ғажайып өмірді таңдадық! 

Балауса ДӘРУШОВА, 
М.Шоқай атындағы №41 орта мектептің 
10 сынып оқушысы,
Сұлутөбе ауылы,
Шиелі ауданы
#есірткігеқарсыбайқауы


02 қараша 2021 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031