Есірткісіз өмір ғажайып!
Есірткісіз өмір ғажайып, әрине бұл өмірде алдыңа қойған мақсатың нақты, арманың асқақ, өмірге деген көзқарасың түзу болса. Адам баласының басты мәселелерінің бірі – салауатты өмір салтын сақтау бола тұра қазіргі таңда еңбектеген баладан, еңкейген қарияларымызға дейін ішетініміз кола, жейтініміз фаст фуд, мектеп жасындағы балалардың электронный темекінің әр түрлі дәмдерімен шегу трендке айналып бара жатыр. Қазірдің өзінде есірткі әлі де кеңінен таралып, жылдан жылға дамып,тамырын тереңге жайып жатқан қоғам дерті. Есірткі көп адамның болашағын, денсаулығын құртқан аты жаман дерт. Жасөспірімдер неге оған тәуелді? Себебі бір рет деп соңында оған қалай тәуелді боп қалғанын түсінбейді. Есірткінің ерекшелігі сол, менің түсінгенім, адам оны бір рет дәмін татқаннан кейін әуес болып қалады. Адамдардың нашақор болуының тағы себебі: «Тынысың бір рет дәмін татса немесе иіскесең», « шексең нашақор болмайсың», «қиындықтардың барлығын ұмытасың», «ләззат аласың» деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады.Тағы себептері өте көп. Солардың бірқатары:
- Олар ата - анасының қарамағында болмауы оның не істеп, не қойып жүргенін білмеуі
- Отбасы мүшелерінің бірі арақ - шарап ішуі немесе есірткі қолдануы
- Отбасы мүшелерінің бір - біріне деген сүйіспеншілік болмауы, отбасыдағы жанжалдың орын алуынан
- Достарының арасында нашақорлардың бар болуы.
- Әлеуметтік - экономикалық жағдайдың төмендеуі.
Қазіргі балалар тез дамып, тез жетіледі. Біздің айналамыздағы орта жас аралығындағы балалар есірткіге әуес болып жатыр. Олардың әуестендіру әдейі жасалған әрекет болмаса бұл жастағылар темекі шегуді мәртебе санайды. Есірткі қоғамда көзге көрінбей еніп іштей үлкен әлекке салып жатқан адамзатқа, қоғамға кесірі мықты, кеселдің бірі есірткі арқасында қанша адам өз баласынан, туған туысынан, денсаулығынан айырылып жатқанын естіп те, көріп те жатырмыз. Сонда да оны жоюдың орнына жылдан жылға дамытып жатырмыз. Осы есірткінің арқасында қанша қандастарымыз өзге елдің абақтысына жабылып өмір бойы бос бостандығынан айырылып жатқанын анасының зар еңіреп жатқанын көрсек те есірткіні әлі де қолдану үстіндеміз. «Денсаулық - баға жетпес қазына». Біздің денсаулығымыз жоқ болса ешкімге керек емес зат боп қаламыз. Денсаулықтың қадіріне жете білу керекпіз. Оны қайта сатып ала алмаймыз. «Қоршаған ортаны қорғауың, салауатты өмірді қолдауың» - деп айтқым келеді.Өз денсаулығымызды сақтамасақ біздің денсаулығымыз ешкімге керек емес.
Қызылорда облысы
Шиелі кенті
244 мектеп
Жақсылық Әсел Жұматқызы
Шиелі кенті
244 мектеп
Жақсылық Әсел Жұматқызы